Сұрақ-Жауап. Кеңес

Мақсатқа жетудің екі түрі

  • Мақсатқа жетудің екі түрі

    Мақсатқа жетудің екі түрі

«Мастер кит» атты жобасы арқылы халыққа кең танылған өзін өзі дамыту ілімінің сарапшысы ресейлік Дарья Трутневаның пайымынша, мақсатқа жетудің екі әдісі немесе түрі бар. Ол: өзіңді өзің күштеп мәжбүрлеп ойыңа алған мақсатқа қарай табандылықпен жылжу; екінші тәсілі – сәттіліктер арқылы мақсатыңа жедел және еш күш жұмсамай оңай жету. Әрине, бұл екі жолдың ақыл-есі түзу әрбір адам екіншісін таңдары анық. Бірақ, ол тәсілді игеру екінің бірінің маңдайына жазылмаған.


Атжалманның іні


Сіз далада өмір кешетін атжалманның іні туралы не білесіз? Бала кезімізде атжалманды ұстап алу үшін ініне су құятынбыз. Қызығы сол, атжалман кіріп кеткен іннің аузына суды құйып, толтырған сәтте ол әріректе, іннің басқа аузынан шығып қашады. Атжалман кірген інге тағы су тасып құямыз, бірақ ол әлгі тәсілді қайталап, басқа қосалқы ін аузынан шығып жалтарады.


Атжалман іні өте күрделі құрылыс. Оның бірнеше ауызы болады. Астық сақтайтын қоймасы, демалатын орны, балаларына арналған орын, т.б. болады. Атжалман інін қазсаң, оның ондаған метрге созылатын күрделі құрылыс екенін көрер едің. Міне, сол ұзын-сонар інде байланысты жақындату үшін атжалман төте жол, яғни бір бүйірден кіретін індер қазады екен. Негізгі інмен ондаған метр жүріп баратын жерге әлгі бүйірдегі қосалқы тесік арқылы атжалдман әп-сәтте жетіп барады. Бүгінде ғылымда жиі айтылатын «атжалман іні» деген түсініктің мәні осында, яғни, кеңістіктегі алыс қашықтыққа бүйірдегі төтелеп жететін жол, яғни ін арқылы жету деген мағынаны білдіреді бұл. Ғалымдар осы тәсілді пайдаланып, ғарыштағы миллиардтаған шақырым қашықтықтағы аспан денелеріне әп-сәтте жетуге болады дейді.


Бұл тәсілді өмірде қалай қолдануға болады


Дарья Трутнева атжалман іні тәсілін қаржы мәселесін шешуде қалай қолдануға болатыны туралы мынадай қызықты жайтты айтады. Мәселен, А нүктесінен Б нүктесіне бару үшін атжалман іні тәсілін пайдалану арқылы еш қиналыссыз, көп күш жұмсамай оңай жетуге болады. Бұл қалай жүзеге асады?


А дегеніміз – бұл қазіргі қаржы жағдайымыз. Мысалы: айына 100 теңге жалақы аламыз делік. Әрине, ол баға шарықтап кеткен қазіргі күнде жеткіліксіз. Ойымызға алған арман-мақсатымыз: айына 500 мың теңге табу. А нүктесі – бұл айына 100 мың табатын қазіргі ахуалымыз да, Б нүктесі айына 500 мың алатын болашақ арманынымыз. Енді А-дан Б нүткесіне қалай жетуге болады?


Адамдардың көбі А нүктесінен Б нүктесіне жетудің жалғыз жолы – білек сыбанып жұмыс істеу, бизнеспен айналдысу деп санайды. Бұл дұрыс, дегенмен қадам басқан сайын түрлі кедергілер кездесетін бизнесті аяғынан қойып, нәтижеге жету екінің бірінің қолынан келмейтіні белгілі. Ал, екінші жол, яғни атжалман іні тәсілі бойынша сіз еш қиналыссыз және кедергісіз А нүктесінен Б нүктесіне жете аласыз.


Дарья Трутневаның пайымынша, бұл тәсілдің мәні мында: сіз подсознание, яғни түйсігіңізді іске қоса отырып, өмірде кездесетін кедергілерді сәттіліктерге айналдырасыз. Осылайша, сіздің кәсібіңіз бірден дөңгеленіп биікке өрлейді. Сіз қажет адаммен қажет уақытта кездесіп, мәселеңізді оңай шешесіз. Яғни, сәттілік деген әрдайым сіздің көлеңкеңіз сияқты қасыңыздан қалмайды. Бұл – кездейсоқтық емес, ол түйсікпен жүргізілген саналы жұмыстың жемісі. Ол қалай жүзеге асады? Ол жайында блогымызда алдағы уақытта толық жазатын боламыз. Жаңалықты жіберіп алмаңыз.


akikat01.com




Көрілген: 995    Пікірлер: 0

сенбі, 19.01.2019, 20:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
    15 Наурыз, 10:27
    Ата-ананың 4 қателігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31