Сұрақ-Жауап. Кеңес

Мақсатты өмір сүрудің маңызы неде?

  • Мақсатты өмір сүрудің маңызы неде?

    Мақсатты өмір сүрудің маңызы неде?

Жаңа жыл да келіп қалды. Жыл айырығында тұрған осынау кезеңде болашағына бей-жай қарамайтын әрбір адам «өткен жылы қандай істер атқардым, келесі жылы нендей шаруаларды тындырамын?» деп өсіне өзі есеп беріп, алдағы күндеріне ой жүгіртуі қажет. Осылай жасау арқылы адам өз өмірін бақылап, басқаруды, тағдыр жолын өзгертіп, қалаған арман-мақсаттарына жетуге күш-жігерін жұмылдыруды үйренбек.

Өзіңізге өзіңіз есеп беруді үйреніңіз

Өкініштісі сол, адамдардың 90 пайызы жыл айырығында тұрып та, басқа кездерде де ешқашан өзіне өзі есеп беріп, «не істедім, не тындырдым, қандай шаруаларды назарымнан тыс қалдырып алдым» деп ешқашан ойламайды. Ондайлардың өмірі таптаурын болған ескі сүрлеу жолмен жүретін жүргіншіге ұқсайды. Ондай жолаушылар әдетте сол жолға түскен сәтте-ақ оның қайда апаратынын, қанша қашықтыққа созылатынын жақсы біледі. Өйткені ол әбден таптаурын болған мыңдаған, миллиондаған адамдар жүріп өткен ескі жол.

Мақсатты адам мұндай ескі сүрлеулерден шығып, өзінше жаңа жол салады және сол жолда қандай жерге баратынын, ол жерде өзін не күтіп тұрғанын жақсы біледі. Ал мақсаткерлік өзіне өзі есеп беруден басталады. Бұл адамға не береді?

Ең алдымен, сіз өзіңіздің қай жерде тұрғаныңызды, қандай даму деңгейіне жеткеніңізді біліп, түйсінесіз. Айналаңызға қарап, өзіңіздің тұрмыс деңгейіңіз, интелектуалдық деңгейіңіз, қай бағытта, қалай дамып бара жатқаныңызды өзгелермен салыстыра отырып, айнадан көргендей анық бағамдай аласыз.

Екіншіден, есеп беру арқылы сіздің жадыңыз, яғни есте сақтау қабілетіңіз жақсара түседі. Үшіншіден, сіз өзіңіздің кемшіліктеріңіз бен жетістіктеріңізді, олқы тұстарыңыз бен тиімді жақтарыңызды анықтап, саралай аласыз. Бұл сіздің ойға алған мақсатыңызға жеткізетін неғұрлым оңтайлы әдіс-тәсілдерді таңдауыңызға көмегін тигізеді.

Жаңа жылды жаңа мақсаттармен қарсы алыңыз

Жыл айырығында тұрған кезіңізде бір жыл ішінде атқарған істеріңізді, жеткен жетістіктеріңізді, орындалмай қалған шаруаларыңызды &ndash бәрін қағазға жазып, ой елегінен өткеріңіз. Содан кейін сол өткен жылғы істеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді ескере отырып, жаңа жылға жоспар жасап алыңыз. Онда нақты атқаратын шаруаларыңызды, қол жеткізуге ниетті мақсаттарыңызды жазыңыз. Бұл сіздің таптаурын болған ескі сүрлеуден шығып, өз жолыңызбен жүруге, іштей армандаған мақсаттарыңызды жүзеге асыруға ой-жігеріңізді шоғырлап, құлшындыруға игі ықпалын тигізеді.

Міне, жаңа жыл да келіп қалды, егер жоғарыда аталған істерді жасмаған болсаңыз оны жүзеге асыру кеш емес. Оған көп уақыт та кетпейді. Ойланып-толғанып отырып, жарты немесе бір сағатта өткеніңізді қортындылап, болашағыңызға бағдар белгілеп алуыңызға әбден болады.

Мынаны жадыңызда ұстаңыз: мақсатқа жетуде саналы іс әрекет жасау, яғни алдын ала нақты жоспарлап алып, сол белгіленген бағытқа қарай жылжу арқылы ғана мақсатқа жетуге болады. Ал ештеңе ойламай, бақыт құсы кездейсоқ аспаннан төбеңізге қона кетердей көріп ойсыз өмір сүрсеңіз, онда  өле өлгенше таптаурын жолда қалып, тұрмыста да, интелектуалдық жағынан дамуда да, отбасында да игілікке жете алмайсыз.

akikat01.com




Көрілген: 3887    Пікірлер: 0

сенбі, 02.01.2021, 15:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31