Сұрақ-Жауап. Кеңес

"Мал-жанға қиын соғады": Жұлдыз жорамалшы алдағы қыстың қандай болатынын айтты

  • "Мал-жанға қиын соғады": Жұлдыз жорамалшы алдағы қыстың қандай болатынын айтты

Қазіргідей озық техника жоқ заманда да қазақтар алдағы ауа-райын қалай боларын дөп басып біліп отырған. Этнограф-ғалым, фольклоршы, қазақ дүниетанымына байланысты көптеген кітаптың авторы Болат Бопай ежелгі қазақтардың ауа-райын қалай болжағанын және алдағы қыс қандай болатынын Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Биылғы жаз өте ыстық болды. Жаздың ыстығын қазақтар ақпанда болатын аязбен салыстырып, қыс қатты болады деп сенген. Жаздағы жауған жаңбыр, қыста өте суық қар болып келеді. Осы жағдайды ескере отырып, қаңтарда, бәлкім, ақпанда қатты суық болатын шығар деп жорамалдап отырмыз. Мұны бір деп есептеңіз.


Екіншіден, аспанда Босағалық деген жұлдыз бар. Төрт маусымда төрт рет көрінеді. Босағалық жұлдыз бір-біріне жақын келіп тұрса, күздің тез өтетіндігін; алыс тұратын болса, жылы, жайма-шуақ өтетіндігін байқатады. Жақында қарағанымда Босағалық жұлдыз алыстап тұрды. Сондықтан қыстың аяғы созылып өтеді деп түйдім. Осы жылы қыс қатты болады. Ақпан, қаңтар айлары оңай болмайын деп тұр. Батыс өңірлерге қар әлден жауа бастады. Оңтүстік жақта биыл жазда жаңбыр аз болды. Сондықтан қар қалың түспеуі мүмкін. Бірақ Шығыста шыңылтыр аяз болады. Мал-жанға қиын соғады.




Бұрындары аналарымыздың өзі есепшідей болған. Малдың ішегін тазалап отырып, биылғы қыстың жай-күйін дөп басып айтып отырған. Сонда ішегін тазалап отырып, майлы ма, ішіндегі қи сары құмалақ па, жоқ қи қалпында тұр ма, өріс пісті ме, піскен жоқ па, дәріге айналды ма, жоқ па, малдың ішегі ұзын ба, қысқа ма, соған қарап қысты болжап отырады екен. Малдың ішегі көк ішек екен, шөптің буыны әлі қата қоймапты, қыс қатты болады екен. Сары алтындай құмалақ болып түсіп жатса, малдың ішегі майлы биыл тоқшылық болады екен дейді. Малдың ішегін өрген кезде қысқа болып тұрса, қыс тез, жайлы өтеді екен, арық болып өргенде жылбып жататын болса, қыстың аяғы созылып кетеді екен деп болжаған. Қыс екі рет келеді екен дегені көктемде тағы бір қыс болады екен деп, көктемнің де жайсыз суық болатынын айтқан.


 




Көрілген: 5279    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 09:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 10:52
    Ақша туралы 15 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30