Сұрақ-Жауап. Кеңес

Маман ең пайдалы май түрін атады

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Диетолог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Инна Кононенко ең пайдалы - ол қорытылған май екенін айтты.

 

Бұл туралы ол ресейлік Пятый канал эфирінде айтты.

 

Айтуынша, майлар екі топқа бөлінеді: қаныққан және полиқанықпаған май қышқылдары. Алғашқысына сарымай, қорытылған май, кокос майы, ал екіншісіне барлық өсімдік майы жатады.

 

Қаныққан майлар тұрақты болады. Полиқанықпаған майлар оттектік тотығуға ұшырайды. Бұл процесс кезінде оттегі мен жарықтың әсерінен майлар бос радикалдарды шығара отырып тотыға бастайды. Олар адам организміне зиянын тигізіп, онкологиялық ауруларды туындатуы мүмкін, - деп ескертті Кононенко.

 

Диетологтың сөзінше тамақты қуыру үшін сарымай, қорытылған май немесе кокос майын қолданған дұрыс. Себебі олар ыстық температураның әсеріне қарсы төзе алады, сондай-ақ бос радикалдарды өндірмейді.

 

Негізінен сарымайдан қарағанда қорытылған майдың пайдасы зор. Өйткені оның құрамында дәрумендер, микроэлементтер көп. Сонымен қатар қорытылған майда аутоиммундық және қабынбалы ауруларды туындататын сүт ақуызы мен казеин мөлшері аз. Бұдан бөлек бұндай майда лактоза да аз болады. Жалпы лактозаны көп адам қорыта алмайды, - деп түсіндірді дәрігер.

 

Кононенко атап өткендей, салат жасағанда өсімдік майларын пайдалану қажет.

 

Әлемде көптеген пайлалы май бар. Мәселен авокадо майы немесе жаңғақ майы, макадамия майы. Жаңғақ майының құрамында омега-9 майлы қышқылдары болады. Тамақ рационында осындай пайдалы микроэлементтерді көп тұтынбаймыз. Дегенмен ол обыр ауруларын алдын алуға септеседі, - деді диетолог.

 

 

baq.kz 




Көрілген: 1109    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 21:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31