Сұрақ-Жауап. Кеңес

Мамандар чекті неге тастауға болмайтынын түсіндірді

  • Мамандар чекті неге тастауға болмайтынын түсіндірді

    Мамандар чекті неге тастауға болмайтынын түсіндірді

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары дүкен кассасынан алатын чекті тастауға немесе басқа адамға неге беруге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Департамент қызметкерлері бейтаныс адамдар сатып алушылардан "қажетсіз чектерді" сұрауы мүмкін екенін жеткізді. Олар дүкендегі акцияға қатысу үшін чек керегін айтады. Мамандар мұның бәрі ақылға қонымды болып көрінгенімен тұрғындарға сақ болуға кеңес береді. Себебі алаяқтар чекті өз мақсаты үшін пайдалануы мүмкін. "Мысалы, олар чекті алып қайтадан дүкенге келуі ықтимал. Олар қандай да бір заттың белгісін немесе магниттік қыстырғышын жұлып алып, дүкеннен шығуы мүмкін. Ал күзетші чекті сұраса, сіз берген чекті көрсетеді. Екінші әдіс бар. Яғни ол дүкеннен затты алып шығады. Кейін тауарды чек арқылы қайтарып, ақша алуды көздейді. Себебі, тұтынушының белгілі бір мерзім аралығында тауарды қайтаруға құқы бар", - делінген хабарламада. "Заңсыз әрекеттер сіздің жеке деректеріңізді пайдалана отырып жасалуы мүмкін. Яғни сіздің пластикалық картаңыздың көмегімен банк операциясын жүзеге асырған кезде. Алаяқтар чектегі мәліметтер арқылы сіз туралы қосымша мәлімет алуы ықтимал. Осы арқылы хакерлер сіздің банк есепшотыңызға шабуыл жасауы мүмкін. Чек - сіздің ресми төлем құжатыңыз екенін естен шығармаңыз. Ол басқа адамның қолына түспеуі керек. Мұны есте сақтаңыз. Оны дүкеннің жанындағы қоқысқа тастауға болмайды", - дейді департамент мамандары. 




Көрілген: 600    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 07:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Маусым, 16:36
    ЭЦҚ-ны қашықтан алу
    17 Маусым, 16:45
    Құрттың емдік қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31