Сұрақ-Жауап. Кеңес

МӘМС бойынша тісті тегін емдетуге болатынын білесіз бе?

  • https://www.avaclinic.ru/

    https://www.avaclinic.ru/

Бүгінде белгілі бір санаттағы азаматтар стоматологиялық көмекке елдегі кез келген емдеу ұйымы арқылы қол жеткізе алады десек, одан тұрғындардың дені бейхабар. Бұл туралы Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасының бас дәрігері Ақылбек Үсенбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Тіс емдеу бойынша аталған жеңілдікке жыл басынан бері енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мүмкіндік беріп отыр.

 

Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасының бас дәрігері Ақылбек Үсенбаевтың айтуынша, бұл орайда айрықша мән беретін нәрсе - сақтандыру енгізілгенге дейін стоматологиялық көмек тек пациенттің тіркелген емханасы арқылы ғана көрсетіліп келсе, жаңа жүйенің арқасында аталған санаттағы азаматтар бұл қызметті еліміздің кез келген жерінде пайдалана алады.

 

«Жүйе бойынша жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі. Ал шұғыл стоматологиялық көмекті аталған екі санатқа қоса Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1, 2, 3-топтағы мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқасы» бар көпбалалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, зейнеткерлер, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратындар, мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын, жұмыс істемейтін адамдар алады»,-дейді бас дәрігер.

 

 Аталған санаттағы адамдарға хирургтің қабылдауы, тісті жұлу, абсцесті ашып тазарту, одонтегенді ісікті кесіп алып тастау, альвеолитті емдеу, тіс тамыры невритін емдеу, ауыз қуысындағы жұмсақ тіндерді кесіп алып тастау, жақ-бет сүйегіндегі жараларды емдеу тағы басқа қызметтер тегін.

 

Сондай-ақ, жақ-бет сүйегі ақауымен туған нәрестелерге арналған ортодонтиялық көмек түрлері де мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін көрсетіледі.

 

«Биыл әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакеті бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларды, яғни атаулы әлеуметтік көмек алушыларды қолдау басталды. Қазір бұл туралы облыс тұрғындары, әсіресе ауылдықтар аса біле бермейтін секілді. Ол бойынша 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға түрлі жақсүйек-бет аймағының ауытқулары кезінде ортодонтиялық көмек көрсетілетін болады, яғни, тісін түзететін пластик кигізіледі»,- дейді Ақылбек Үсенбаев.

 

Емхананың бас дәрігері тұрғындарды өз жемісін бере бастаған жаңа жүйедегі жақсы жаңалықтар туралы барынша хабардар болып, ондағы мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді тиімді пайдалануға шақырды.

 

 




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 01:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31