МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ 10 СҰРАҚ

МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ 10 СҰРАҚ

Жұмыс беруші МӘМС үшін аударымдарды тұрақты аудармаса не істеу керек? Шетелде оқитын студент медициналық көмекті тегін ала ала ма, жұмыссыз азаматтар мен жеке кәсіпкерлер жарнаны қалай төлейді?  МӘМС жүйесіне қатысты осы және өзге де сұрақтарға Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы жауап береді.

- Коронавирус инфекциясын жұқтырдым. Павлодардағы емханаға тіркелгенмін, бірақ қазір Алматы қаласында тұрамын. Мұндай жағдайда қайда бару қажет?

- Айналаға қауіп төндіретін инфекциялық, паразиттік немесе вирустық ауруларға шалдыққан пациентке медициналық көмек тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі. Бұл жағдайда сіз үйге жақын маңдағы емхана көмегіне жүгінсеңіз болады. Бірақ аталған емдеу мекемесі Қордың жеткізушілер тізімінде болуы тиіс.

- Ресми түрде жұмыс істеймін. Жуырда ұзақ уақытқа ақысыз демалысқа шықтым, жұмыс беруші осы уақыт ішінде мен үшін жарна төлемейді екен. «Сақтандырылған» деген статусты жоғалтпау үшін не істеуім керек?

- МӘМС жүйесінде статус соңғы төленген жарнадан кейін 3 ай бойы сақталады. Статусыңызды жоғалтып алмас үшін ақысыз демалыс кезінде әр айға 2125 теңгеден жарна төлесеңіз болады. Тағайындау коды – 122.

- Жұмыс беруші аударымдар мен уақтылы жарна төлемеген. Статусымды жоғалтпау үшін жарнаны өзім төлесем бола ма? Бірақ кейін жұмыс беруші жарна аударғаннан соң, өзім төлеген ақшаны кері қайтарып алсам бола ма?

– Жұмыс беруші МӘМС төлемдерін уақтылы төлеуге міндетті. Егер ол заңда белгіленген мерзімдерді бұзса, өсімпұл төлейді. 

Міндетті медициналық сақтандыру пакетіндегі қызметтерді кедергісіз пайдалану үшін сақтандырылған болуыңыз қажет. Егер статусыңызды жоғалтқыңыз келмесе, жарнаны өз бетінше төлеуші ретінде төлей аласыз. Ал, жұмыс беруші аударым жасағаннан кейін сіз өз қаражатыңызды «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы қайтара аласыз. Ол үшін қайтару туралы өтініш жазып, төлем түбіртектері мен чекті қоса жолдау қажет. Өтінімді қарау мерзімі – 2 апта.

- Ықтиярхаты жоқ шетел азаматы жүктілік кезінде тіркеуге тұра ала ма?

- «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 35-бабына сәйкес, Қазақстан аумағында уақытша тұратын шетелдіктер ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алуы тиіс. Сол себепті мұндай азаматшалар жүктілік кезінде сақтандыру полисі арқылы немесе ақылы негізде есепке тұра алады.

- Жұмыссызбын. Сақтандыру статусын иелену үшін жарнаны қай кезеңнен бастап төлеуім керек?

- Жұмыс істемейтін азаматтар Еңбекпен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде ресми тіркеле алады. Мұндай жағдайда олар үшін жарнына мемлекет төлейді. Ал, тіркелмеген жұмыссыздар МӘМС пакетіндегі медқызметті пайдалану үшін жарнаны өз бетінше төлей алады. Өз бетінше төлеушілер санатына белгіленген жарна мөлшері – 2125 теңге.

- Қызым Ресейде студент. Ресей федерациясында тұру үшін медициналық сақтандыру полисін талап етіп жатыр.  Біздегі міндетті медициналық сақтандыру ол жақта жарамды ма?

- МӘМС Қазақстанның ішінде ғана жұмыс істейтін жүйе. Сондықтан РФ аумағында тұру үшін ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алу қажет. Жалпы, Қазақстанда күндізгі бөлімде оқитын студенттер (шетелде оқитындарды қосқанда) мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 санатқа кіреді. Қызыңыз МӘМС жүйесіндегі қызметтерді елге келгенде кедергісіз пайдалана алады.

- Бір уақытта бірнеше емханаға тіркелуге бола ма?

- Жоқ. Емхана ауыстырған кезде азамат бұрынғы тіркелген жерінен автоматты түрде шығарылады.

- Мұғаліммін, жеке шаруа қожалығым бар. МӘМС жарнасын қалай төлеуім керек?

- Біріншіден, сіз үшін жұмыс беруші аударым жасайды және жалақыдан жарна ұстап Қорға аударады. Заң бойынша, жарна екінші табыс көзінен де, яғни, шаруа қожалығынан да аударылуы тиіс. Оны өзіңіз төлейсіз. Салық заңына сәйкес, шаруа қожалықтары 2021 жылы ай сайын 1,4 ең төменгі жалақының 5% немесе 2975 теңге төлеуге міндетті.

- Студентпін, екі жерде жұмыс істеймін. Жарна төлеуім керек пе?

- Қазақстанда күндізгі бөлімде оқитын студенттер (шетелде оқитындарды қосқанда) мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 санатқа кіреді. Егер сіз күндізгі бөлім студенті болсаңыз, жұмыс беруші сіз үшін аударым жасамайды, жалақыңыздан жарна ұстамайды. Ал, сырттай оқитын студенттер жарна төлейді, төлем барлық табыс көзінен алынуы тиіс (яғни 2 жерден де төленеді). Бірақ жарна ұсталатын табыс сомасы 10 ең жоғары жалақыдан аспауы тиіс.

- Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер медициналық көмекке қалай жүгінеді?

- «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 2-бабы 2-тармағына сәйкес, МӘМС жүйесінде ҚР азаматтары, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, қандастардың құқықтары теңдей.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарттың 98-бабы 3-тармағына сәйкес, ЕАЭО елдерінен келіп жұмыс істеп жатқандар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері МӘМС жүйесіндегі қызметтерді Қазақстан азаматтарымен бірдей пайдалана алады. Сондай-ақ, жұмыс берушілер олар үшін аударым жасап, жалақысынан ай сайын жарна ұстап отырады.

Ескерте кететін жайт, Қазақстанға жұмыс істеуге келген иммигранттар (бастапқы медициналық көмек және стационарлық көмекке арналған) ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алуы тиіс. Өйткені, Қазақстанда консультативтік-диагностикалық көмек бастапқы медициналық-санитарлық көмек (емхана) дәрігерінің жолдамасы бойынша көрсетіледі. Аталған қызмет МӘМС пакетіне кіреді.

Бірақ олар қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқатқа шалдыққан жағдайда тегін медициналық көмек пакетін пайдалана алады. Қалған қызметтерді пайдалану үшін ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алуы тиіс.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста