Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Манукян Эроғлуды әлi ұмытпапты

30 мамыр 2011, 15:37

Кейде өзге ұлт өкiлi болса да, халықаралық аренада қазақ елiнiң намысын қорғаған спортшылардың тағдыры жайлы бiлгiмiз келедi. Солардың бiрi – балуан Мкхитар Манукян. Ол  қазiр қай салада қызмет атқарып жүр, өз елiне кетiп қалған жоқ па?
Болат ӘЛЕКБАЕВ,
Шығыс Қазақстан облысы
1973 жылы Арменияда дүниге келген Мкхитар Манукиян 1997 жылы даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың шақыртуымен Алматыға қоныс аударған болатын. (Ол кезде Тұрлыханов Ұлттық құрама бас бапкерi қызметiн атқарған – авт). Сидней және Афины Олимпиадаларында өнер көрсетiп, Грекияда үшiншi орын алды. 1998 және 1999 жылдары грек-рим күресiнен әлем чемпионы атанды. Үш мәрте Азияны бағындырды. Манукянмен тiлдескенiмiзде:
– Мен 2005 жылдың наурыз айында Болгарияда өткен халықаралық турнирде соңғы рет боз кiлемге шығып, үлкен спортпен қоштастым. Отау құрып, қазақ жерiне тамыр жайдым. Ай мен күндей екi қызым бар. Қазiр ұлттық құрама сапында жаттықтырушымын. Өзiм мойныма таға алмай кеткен олимпиада алтынына шәкiрттерiм қол жеткiзсе деген арманым бар. Афины олимпиадасының жартылай финалындағы жеңiлiс күнi бүгiнге дейiн көз алдымнан кетер емес. Себебi Грекияда түрiк балуаны Сереф Эроғлу есесiн оңдырмай қайтарып, сең соқандай күйге түсiрдi. Олай дейтiнiм, екеуiмiз екi мәрте әлем чемпионатының ақтық сынында белдесiп, екеуiнде де мен оны жеңiп, жiгерiн құм қылып едiм. Еуропаның алты дүркiн чемпионы болған Эроғлудың екi рет меселiн қайтарып едiм. Бiрақ ол менiң Олимп шыңына шығып бара жатқанда жолымды бөгедi, – деп ескi жарасының аузын тырнады.