Сұрақ-Жауап. Кеңес

Масалар мен шыбындар коронавирус инфекциясын тарата ма

  • https://www.intex-press.by/

    https://www.intex-press.by/

Жәндіктер саласындағы мамандар мен энтомологтар шыбын мен масаның коронавирус инфекциясын таратуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді. Айта кетсек, күн жылынған соң бұл тақырып өзекті болып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Константин Китаев есімді энтомологтың айтуынша, аспан асты елінің сарапшылары қан сорғыш жәндіктердің вирус таратпайтынын анықтаған. Адамдар бұл жағынан уайымдамаса да болады деп жазады Ura.ru.

 

Жәндіктер саласы бойынша екінші бір маман Юлия Ловцованың сөзінше, масалар расымен де бірнеше қауіпті ауруды тарата алады. Алайда дәл қазіргі уақытта олардың коронавирус тасымалдайтынына еш айғақ жоқ.

 

Егер жануарлар туралы айтар болсақ, ғалымдар әзірге олардың вирусқа қаншалықты төзімді екенін анықтамаған.

 

Еске сала кетсек, мамандар коронавирус шаш арқылы жұға ма деген сауалға жауап берген еді. Сарапшы-эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирустың адам шашы арқылы таралуы мен жұғуын жоққа шығарды. Айтуынша, вирусты қолды жумау арқылы жұқтырып алу оңайырақ.

 




Көрілген: 1091    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.04.2020, 10:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 12:16
    АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
    16 Сәуір, 23:47
    1414 не үшін керек?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31