Сұрақ-Жауап. Кеңес

Масканы қалай тағу керек? Дәрігер пікірі

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Маска тағу &ndash қазіргі кезде өмірлік қажеттілік. Бұл қасиет біреудің өмірін сақтап, жаныңыздағы жақындарыңызды қауіпті аурудан сақтайды. Маскалар COVID-19 таралу қаупін төмендететіні ғылыми дәлелденген, деп хабарлайды Елорда әкімдігі.

 

«Зерттеулер маска жұқтыру және вирустың басқаларға таралу қаупін төмендететінін көрсетеді. Сонымен бірге қорғаныс құралдарының COVID-19 тасымалдаушысында да, сау адамда болуы да маңызды. Әйтпесе тәуекел индикаторы жоғарылайды», &ndash дейді №10 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Данияр Қадыров.

 

Дәрігерлер мұны дұрыс жасау маңызды екенін атап өтті. Масканы үйден шығар алдында тағу керек. Ең дұрысы, ол сіздің бетіңізге тығыз орналасып, иегіңізді жауып тұруы керек. Масканы мұрынның астына түсірмеу маңызды.

 

Иммунитетті сақтау үшін дене белсенділігі, дұрыс тамақтану және дұрыс әдеттер қажет. Сондай-ақ вирустық инфекциялардың алдын алу үшін тұрғындар жеке гигиенаны сақтап, қолды жиі жуып, антисептик қолданған жөн.

 

«Иммундық жүйені нығайту үшін A, B, C, D, E дәрумендері қажет. Дұрыс тамақтану да маңызды. Күзде рационға көкөністер, жемістер, ет, сүт, жаңғақ, жарма қосу ұсынылады. Тамақтың әртүрлі болғаны маңызды, бұл жағдайда барлық микроэлементтер денеге қажетті мөлшерде түседі», &ndash дейді №10 қалалық емхананың жалпы тәжірибе бөлімінің дәрігері Гүлназ Бекенова.

 

Сондай-ақ дәрігерлер тұмауға және пневмококк инфекциясына қарсы вакцина егу керегін айтады. Сонымен қатар антибиотиктерді дәрігердің рецептісіз қабылдамауға, өзін-өзі емдемеуге кеңес береді.

 

 

24.kz




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 13:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31