Сұрақ-Жауап. Кеңес

Маскасыз жүру - қылмыстық жауапкершілік: Қазақстандықтар нені білуі тиіс

  • Маскасыз жүру - қылмыстық жауапкершілік: Қазақстандықтар нені білуі тиіс

    Маскасыз жүру - қылмыстық жауапкершілік: Қазақстандықтар нені білуі тиіс

Қазақстандықтар медициналық маска тақпағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма? Бұл туралы брифингте елордалық полиция басқармасының басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Карантин режимін бұзушыларды жаппай ұстау полицияның мақсаты емес екенін атап өткім келеді. Біздің қызметкерлер азаматтармен күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, алдын-алу шаралары тек карантиндік нормаларды бұзушыларға қолданылады», - деді Сәденов.

Елордалық бас полицейі медициналық маскаларға қатысты көптеген сұрақтар туындайтынын айтты: кию керек пе, жоқ па және маска тақпағаны үшін қандай жауапкершілік бар? Осы мәселеге тоқтала кетті.

«Сізге бетперде кию керек, өйткені сіз вирустық инфекцияны жұқтырған адам бола аласыз және ол туралы білмеуіңіз немесе жұқтырған болуыңыз мүмкін. Егер адам өзінің науқас екенін білсе, сөйте тұра маска тақпаса, адамдарға жұқтыруды жалғастыра берсе, бұл қылмыстық жауапкершілікке жатады», - деп түсіндірді Сәденов.

Сондықтан полиция қызметкерлері маскаларды міндетті түрде кию туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді және әлі де жалғастырып жатыр.

«Бұл карантин режимінің нормалары. Бастысы - сіздің денсаулығыңыз және басқалардың денсаулығы!» - деді полиция полиция департаментінің басшысы.

Карантиннің негізгі талабы - үйден шықпау.

«Жаяу немесе көлікпен еш қажеттіліксіз сыртқа шыға алмайсыз. Сондай-ақ дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ, тексерілмеген ақпаратты таратпаңыз. Тек ресми ақпарат көздеріне сену керек. Біз мемлекет қабылдаған шараларға түсіністік пен қолдау көрсетуді сұраймыз», - деді Сәденов.

Елордалық полиция басшысы құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, көмектесуді сұрайды.

 




Көрілген: 917    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.04.2020, 22:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30