Сұрақ-Жауап. Кеңес

Майлы тағамнан бас тартудың арты емі жоқ ауруға ұрындыруы мүмкін

  • https://vkuhkne.ru/

    https://vkuhkne.ru/

АҚШ-тағы Йел университетінің ғалымдары анықтағандай, организмде май қышқылы жетіспесе, иммундық жүйенің қызметіне нұқсан келтіріп, шашыраңқы склреозға &ndash жүйке талшықтарының қабықшалары күйрейтін ауыр дертке шалдықтырады.

 

Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert баспасөз релизіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Мамандар көз жеткізгендей, шашыраңқы склероздан зардап шегетін науқастың бойында олеин қышқылының деңгейі төмен болып шыққан.

 

Аталған қышқыл май, ет, жұмыртқа, күнбағыс дәнінде, жаңғақта, ірімшікте, сүтте, зәйтінде және авокадода кездеседі. Аталмыш қышқылдың тапшылығы инфекциялық ауруларға қарсы иммундық жүйенің реакциясын тудыратын Т-жасушасын белсендіретін метаболилік (зат алмасу) сенсордың жоғалуына алып келмек.

 

Бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізген ғалымдар шашыраңқы склероздан зардап шегетін науқастың май тініне олеин қышқыл енгізіп көргенде оның организміндегі Т-жасушасының деңгейі артқан.

 

Реттеуші қызмет атқаруда маңызы зор Т-жасушасы азайса, иммундық жүйе орталық жүйке жүйесінің сау жасушаларына шабуылдайды.

 

Осылайша тағамның құнарлығын шектеудің арты аса қауіпті аутоиммундық ауруларға алып келетіні белгілі болып отыр.

 

Әлбетте, бұл арада майды және майлы тағамдарды шектен асыра пайдаланудың да арты жақсылыққа апармайтынын білесіздер: жүрек-қан тамыр аурулары, сусамыр, семіздік, т.б. дерттерді тудырады.

 

Десе де орта жолды ұстанып, мөлшеріне қарай құнарлы тағамдарды да тұтынып отырған дұрыс.

 

 

 




Көрілген: 4519    Пікірлер: 0

жұма, 22.01.2021, 11:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31