Сұрақ-Жауап. Кеңес

Медициналық маска бағасы қайта қымбаттауы мүмкін

  • Медициналық маска бағасы қайта қымбаттауы мүмкін

    Медициналық маска бағасы қайта қымбаттауы мүмкін

Жуырда ғана бетперделердің бағасы 20-30 теңгеге дейін төмендеген.

Қазақстандағы бетперделердің құны қайта қымбаттауы мүмкін. Бағаның құбылуына қорғаныш құралын әзірлеуге қажетті импорттық шикізаттың құны тікелей әсер етеді. Жуырда ғана медицицналық бетперденің бір данасын 20-30 теңгеге төмендеткен билік, енді отандық өнім өндірушілердің жағдайына алаңдап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Әрине, бетперде бағасына келгенде мәселені жан-жақты қарастырамыз. Мәселен, шетелден әкелінетін шикізаттың, яғни сүзгіш маталардың құны да қаперге алынады. Сондықтан, отандық кәсіпорындардың ақсап қалмауы да маңызды", - дейді ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана бетперделердің бағасы 20-30 теңгеге дейін төмендеген. Ол үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кәсіпкерлермен мәмілеге келдік деген болатын. Оның үстіне, дәріханалар шетелдік немесе қазақстандық бетперденің құнын бірдей арзандатуға міндеттелді.

Ал Денсаулық сақтау министрлігін отандық өнім өндірушілердің жағдайы алаңдатып отыр екен. Соған қарағанда, баға қайта көтерілуі әбден мүмкін. Айта кету керек, коронавирус белең алғалы Қазақстанда қорғаныш құралдарын өндірумен айналысатын компаниялардың қатары 6-дан 15-ке жеткен.




Көрілген: 704    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 01:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31