Сұрақ-Жауап. Кеңес

Мемлекеттен жарты миллион теңге алу үшін не істеу керек?

  • Мемлекеттен жарты миллион теңге алу үшін не істеу керек?

    Мемлекеттен жарты миллион теңге алу үшін не істеу керек?

Жаңа кәсіпті игерген көпбалалы аналарға бизнес бастау үшін жарты миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі. Көпбалалы аналар бизнес бастау үшін жарты миллион теңге ала алады. Жоба "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.


Жұмыспен қамту орталықтары жәрдемақы төлеумен қатар, қыз-келіншектерді жұмысқа орналастыруға немесе арнайы курстарда жаңа кәсіпті игеруге көмектеседі. Олар оқу барысында бизнес жүргізу негіздерін үйренеді, деп хабарлады "Астана" арнасы.


Тағы оқыңыз: Қазақстанда көпбалалы аналарға арнайы квота бөлінеді


Халида Махмутова – бес баланы тәрбиелеп отырған ана. Ол Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен "көпбалалы аналар" қорын ашты. Қазір оқу курсынан өтіп, табыс табудың тиімді жолдарын алу мәселелері бойынша әйелдерге кеңес береді. Халиданың өзі де мемлекеттің қолдауының арқасында отбасын асырап отырған жандардың бірі.


Көпбалалы ана жақын арада қайтарымсыз грантқа ие болуы мүмкін. Оқуды аяқтаған соң, мемлекет тарапынан жарты миллион теңге көлемінде ақша бөлінбек. Болашақта ол массажист мамандығын игеріп, жеке медициналық кабинет ашуды армандайды.


"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палаты "Бизнес бастау" жобасы бойынша массажист мамандығын оқып шықтым. Бизнес-тренерлер бізді кәсіпкерлік негіздерін оқытып, маркетингті қалай жасау керектігін үйретті. Сондай-ақ стипендия да алдым. Оқуды аяқтайтын кезде бизнес жоспарымызды қорғадық", - дейді Халида Махмутова.

Алматылық Анар Қылышева үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Жалғызбасты ана осы уақыт дейін жұмыссыз болыпты. Бірақ ол Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне жүгінгеннен соң жағдай өзгерген. Мамандар Анарды "бақылаушы-кассир" мамандығы бойынша қысқа мерзімді курсқа жіберді. 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы алады. Бұдан бөлек мемлекет тарапынан балаларына атаулы әлеуметтік көмек төленеді.


"Интерпринт" деген курс оқып жатырмын. Ол жерден "Контролер-кассир" мамандығын алып шығамын. Олар өздері оқытып, жұмысқа орналастыратынын айтты", - дейді Анар Қылышева.


"Еңбек" бағдарламасы аясында алматылықтар жұмысқа орналасып, кәсіби курстарда оқиды және оларға бизнесті дамыту үшін қайтарымсыз гранттар беріледі.


Айта кетерлік жайт, 2020 жылдан бастап көпбалалы аналарға табыс деңгейіне қарамастан бала басына 10 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленбек. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығына хабарласып, әлеуметтік көмек алып қана қоймай, көп балалы және аз қамтылған азаматтар өздері табыс табуға мүмкіндік алып, материалдық жағдайдын жақсарта алады.  




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.11.2019, 09:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 10:52
    Ақша туралы 15 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30