Сұрақ-Жауап. Кеңес

Менингит маусымы басталды. Сырқатты жұқтырып алмаудың жолдары қандай?

  • Менингит маусымы басталды. Сырқатты жұқтырып алмаудың жолдары қандай?

    Менингит маусымы басталды. Сырқатты жұқтырып алмаудың жолдары қандай?

 Елордада сырқатқа шалдыққандар жүзден асты. Нұр-Сұлтан қалалық сапаны бақылау және тауар мен қызмет қауіпсіздігі департаментінің жетекшісі Сәдуақас Байғабылов тұрғындарды менингит маусымының созылуына байланысты профилактикалық шараларды қолдануға шақырды, – хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Today.kz-ке сілтеме жасай отырып.


Тамызда басталған менингит маусымы қазан айына дейін жалғасады дейді дәрігерлер. Бүгінде елордада 77 адам ауруға қарсы ем қабылдаған. 34 бала, 4 ересек адам әлі де ем-дом шараларын жалғастыруда. Менингитке көбіне балалар мен жасөспірімдер шалдығады. Ересек адамдар сирек ауырады. Мамандар дер кезінде емханаға көріну қысқа уақытта жазылуға мүмкіндік беретінін айтады. Ауру асқынып кетсе, мидың қабынуына соқтырады. Әрі жұқпалы түрге ауысады. Бір жылдары ауруды елемеудің арты кісі өліміне дейін жеткені белгілі. Сырқаттың белгілері: бастың ауруы, бөртпенің пайда болуы, дене қызуы, жүрек айну, диарея. Негізі менингит инфекциясына қарсы дәрі немесе вакцина жоқ. Бірақ қарапайып әрі тиімді профилактикалық шараларды қолдану аурудың алдын алуға көмектеседі. Мәселен, рұқсат етілмеген су қоймаларына шомылудан аулақ болу, бөтелкедегі немесе қайнаған су ішу, жеке бас гигиенасы ережелерін ұстану, жеміс-жидек пен көкеністі тұтынар алдында жақсылап жуу сияқты шаралар сырқаттан сақтайды.


qamshy.kz




Көрілген: 1052    Пікірлер: 0

сенбі, 10.08.2019, 14:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31