"Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметі мереке күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жария етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес Жаңа жыл мерекесіне орай берілген мереке күндері яғни 1,2 және 3 қаңтар күні елдегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
Ал, сенбі 31 желтоқсан күні облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар келушілерді 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайтын болады.