Сұрақ-Жауап. Кеңес

Мерзімі өтіп кеткен жеке куәлік үшін қандай жаза қарастырылған

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Ақмолалық полицейлер куәлік алу үшін уақытылы жүгінбегені үшін әкімшілік жауапкершілікті түсіндіреді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Ақмола облысында 2021 жылдың жетң айында 50 мыңнан астам адам құжаттандырылды, олардың ішінде 11 мың адам паспорт және 40 мыңнан астам адам жеке куәлік алды.

 

Сондай-ақ екі мыңнан астам азамат басқа да себептер бойынша, атап айтқанда, жеке деректерінің өзгеруіне байланысты, белгіленген деректердің өзгеруіне байланысты, деректердің өзгеруіне байланысты құжаттандыруға жүгінді.

 

Көші-қон қызметінің хабарлауынша, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабына сәйкес жеке куәлігін алуға уақытылы жүгінбеген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

 

Мәселен, Әкімшілік кодекске сәйкес ҚР азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз, уақытша болу орны бойынша он күннен бір айға дейінгі мерзімге тұруы-ескерту жасауға әкеп соғады.

 

Егер Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру уақыты бір айдан асса, онда айыппұл 7 АЕК-ті құрайды.

 

Сонымен қатар, Ақмола облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстанда тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз, не тұруға ықтиярхатсыз немесе куәліксіз, азаматтығы жоқ немесе жарамсыз тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі бойынша он күннен астам мерзімге тұрақты тұруы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын түсіндірді.

 

Айыппұлдың осындай мөлшері ішкі істер органдарына паспорттың, тұруға ықтиярхаттың, не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жоғалғаны туралы уақтылы хабарламаған жағдайда да көзделген.

 

 

 

 




Көрілген: 1039    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 19:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31