Сұрақ-Жауап. Кеңес

Мерзімінен бұрын қайтыс болуға жол бермейтін сенімді тәсіл анықталды

  • Мерзімінен бұрын қайтыс болуға жол бермейтін сенімді тәсіл анықталды

    Мерзімінен бұрын қайтыс болуға жол бермейтін сенімді тәсіл анықталды

АҚШ ғалымдары белсенділігі төмен, бір жерде тапжылмай отырып жұмыс істейтін адамдарға өмір жасын ұзартудың жолын көрсетті.


АҚШ-тың Колумбия университеті ғалымдары белсенділігі төмен адамдардың арасында мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупін төмендетудің жолын тапты. Белгілі болғандай, 30 минут тапжылмай отырғаннан кейін, жаттығу жасап, сергіп алу адам денсаулығына орасан зор пайдасын тигізеді екен. Бұл туралы MedicalXpress басылымында жазылған.


Мамандар 2009-2013 жылдары инсульттің жиілігін анықтау туралы зерттеуге қатысқан орта және егде жастағы сегіз мың адам туралы деректерді мұқият саралаған. Сонымен қатар, еріктілер төрт күн бойы белсенділікті бақылайтын құрылғыны тағып жүріпті. Ғалымдар 2017 жылға дейінгі өлім-жітім көрсеткіштерін есептеді.


Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 30 минут жеңіл-желпі физикалық жаттығу жасау мезгілсіз қаза қаупін 17 пайызға төмендетеді. Ал одан гөрі көбірек күш жұмсалатын жаттығулар өлім қаупін 35 пайызға азайтады екен.


Айта кетсек, тіпті бір-екі минут белсенді демалудың өзі адам денсаулығына зор пайдасын тигізеді. Ғалымдар жасаған қорытынды бойынша, ұзақ отырып жұмыс істеу керек болғанда, әр жарты сағат сайын жеңіл жаттығулар жасап, сергіп отырсаңыз, ағзаңызға ешқандай зияны тимейді.


sputniknews.kz




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.01.2019, 12:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
    15 Наурыз, 10:27
    Ата-ананың 4 қателігі
    6 Наурыз, 13:41
    АРУЛАРҒА 13 КЕҢЕС
    27 Ақпан, 13:22
    САБЫРСЫЗДЫҚТЫҢ СОҢЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30