Сұрақ-Жауап. Кеңес

Миды зақымдайтын тағамды білесіз бе?

  • Миды зақымдайтын тағамды білесіз бе?

    Миды зақымдайтын тағамды білесіз бе?

Австралияның ұлттық университетінің ғалымдары фастфудтың тағы бір қаупін анықтады. Көпшілік сүйіп жейтін бургерлердің миға кері әсерін тигізетіні дәлелденді, деп хабарлайды MedicalXPress порталы.


Зерттеуге 7 мың адам қатысқан. Нәтижесінде қазіргі кезде адамдардың 1970 жылдарға қарағанда, тамақпен бірге әлдеқайда көп калория алатыны анықталды. Демек, ағзамыз көп мөлшердегі тамақты қажет етпейді.


 


Гамбургер, фри картобы мен газдалған сусынның жалпы калориялық құндылығы – 650 килокалория. Мамандар мұндай мөлшердегі калория осыдан жарты ғасыр бұрын бір күнге жеткенін айтады.


Ал калория мөлшері тым көп болса, артық салмақ қосумен қатар мидың жұмысы да бұзылады.


"Қазір адамдар мидың қызметін өздері нашарлатып жүр. Өйткені ағза үшін зиянды диеталарды ұстанады, сондай-ақ, спортқа айтарлықтай көңіл бөлмейді ", - деп алаңдаушылық білдірді жаңа зерттеу авторы Николас Шербуин.


Ұзақ уақыт бойы дұрыс тамақтанбай, спортпен шұғылданбаған адамның диабеттің II типіне шалдығу қаупі артады. Сондай-ақ ғалым мидың жұмысы нашарлап, деменция пайда болатынын айтады.


Зерттеу кезінде әлемдегі ересектердің 30%-інде артық салмақ бар екені анықталған. 2030 жылға дейін ересектердің 10 проценттен астамы диабеттің II түріне шалдығуы мүмкін.


"Өйткені диабеттің II типі мен ми жұмысының нашарлауы арасындағы байланыс дәлелденген", - деді қартаю проблемаларымен айналысатын профессор.


Дәрігерлер фастфудтан бас тартып, ерте жастан спортпен шұғылдануға кеңес берді.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 897    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 23:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31