Сұрақ-Жауап. Кеңес

Миллиардер айтқан ақыл

  • Миллиардер айтқан ақыл

    Миллиардер айтқан ақыл

Ричард Брэнсон – миллиардер. Барлық бай адамдардың айтатын кеңестері бір болғанымен, олардың айтар сөзі сізге күш беретіні анық. Сондықтан, Ричардтыңөскелеңұрпаққа айтқан кеңестерін ұсынамыз. 


1. Егер сіз қателік жібермеген кәсіпкер болсаңыз, демек, сіз – кәсіпкер емессіз.


2. Өмірде өлім мен салықтан ғана қашылып құтыла алмайсың. Ал, бизнесте бір нәрсеге ғана сенім білдіруге болады: бір күні барлығы сіз жоспарлағандай болмайды.


3. Егер сізге ұнамаса, ол іске кіріспеңіз.


4. Бизнес адамдардың өмірін жетілдіруге, жеңілдетуге арналған. Егер мұнымен келіспесеңіз, бизнеспен айналыспай-ақ қойыңыз.


5. Уәдені азайтыңыз, ал береріңіз мол болсын.


6. Кәсіпкер сәтсіздікті жамандыққа жорымауы тиіс. Оны тек үйрену қисығы ретінде қабылдаңыз.


7. Бір күні уысыңызға түскен сәттілік, сізді өмір бойы тамақтандырмайды.


8. Жауыңызбен достасу – өмірде де, бизнесте де ең маңызды ереже.


9. Сәттілік өздігінен келмейді. Ол үшін тер төгу керек.


10. Мен үшін бизнес – мақтанатын іспен айналысу. Жастардың басын қосу, талантты адамдарды жарыққа шығару, қоршаған ортамды өзгерту.


11. Қандай да бір іс маған қуаныш сыйлаудан қалса, мен онымен айналысуды доғарамын. Өйткені, өмір тым қысқа.


12. Менің қағидам: көңілді өмір сүр, ал, ақша келеді.


13. Құламайынша тоқтама! Құласаң, кері орныңнан тұр.


14. Мен өмірде мүмкін емес нәрсенің жоқ екеніне нық сенемін. 


Дереккөз: massaget.kz 




Көрілген: 2256    Пікірлер: 0

сенбі, 15.06.2019, 20:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30