Миллионерлерден қандай жақсы әдеттер үйрену керек?

Миллионерлерден қандай жақсы әдеттер үйрену керек?

Жазушы Томас Корли бес жыл бойы өз күшімен дәулетке жеткен 177 миллионердің әдеттерін зерттеді. Ол олардың күнделікті әрекеттері бір-біріне ұқсайтынын байқады және дәл сол әрекеттер олардың табысқа жетулеріне ықпал етті деген қорытындыға келді.

Өміріңізге бүгіннен бастап қолдануға болатын миллионерлердің 17 әдеті:

1. Үнемі оқу

Миллионерлер көңіл көтеру үшін емес, өзін-өзі дамыту үшін оқиды. Корли олардың 88%-ы «күніне өздігінен білім алу немесе өзін-өзі кемелдендіру үшін кем дегенде 30 минут уақытын оқуға бөледі» және «олардың көпшілігі көңіл көтеру үшін оқымайды» деп жазды.

«Байлар білім алу үшін немесе оны демеу үшін оқиды» дейді ол.

Сондай-ақ, Томас Корли миллионерлер әдебиеттің үш түрін таңдауға бейім екенін анықтады: табысты адамдардың өмірбаяны, тұлғаны дамыту туралы кітаптар және тарихи кітаптар.

2. Спортпен шұғылдану

«Бай адамдардың 76%-ы күн сайын кем дегенде 30 минут бойы аэробты жаттығулар жасайды», – дейді Корли. Аэробты жаттығулар кардиоға байланысты барлық нәрселерді қамтиды: жүгіру, жүру және велосипед.

«Кардио тек физикалық жағдайға ғана емес, сонымен қатар миға да пайдалы. Ол нейрондарды қалпына келтіруге көмектеседі», – деп жазады Корли.

«Дене жаттығулары сонымен қатар глюкоза өндірімін арттырады. Глюкоза миға арналған отын. Сіз оған қаншалықты көп жанармай берсеңіз, ол соғұрлым жақсы жұмыс істейді және сіз ақылды боласыз» – дейді Корли.

3. Табысты адамдармен араласу

«Сіздің жетістіктеріңіз Сіз жиі сөйлесетін адамдар қаншалықты табысты болуына байланысты. Миллионерлер әрқашан мақсатты, оптимисті, ынталы және жалпы позитивті ойлайтын адамдарды іздейді», – деп жазады Корли. Ол теріс көзқарасты адамдардан аулақ болу өте маңызды екенін баса айтады, өйткені «деструктивті сын сізді табысты болудан айырады».

4. Қайырымдылықпен айналысу

Өздерін беделді адамдармен қоршау үшін көптеген миллионерлер қайырымдылық жұмыстарымен айналысады, дейді Корли. «Міне, сондықтан көптеген бай адамдар қоғамдық ұйымдарда өз еріктерімен жұмыс істейді. Бұл оларға басқа табысты адамдармен танысу желісін кеңейтуге көмектеседі», – деп жазады ол. Ол әдеттерін зерттеген миллионерлердің 72% ай сайын еріктілердің жұмысына кем дегенде бес сағат бөлген.

5. Армандарды тұжырымдау

«Армандарды тұжырымдауға сіздің идеалды өміріңіздің сценарийін жасау кіреді. Сіздің барлық тілектеріңіз орындалады деп елестетіп, Сіз өзіңізді және болашақтағы өміріңізді суреттейсіз. Содан кейін бес жүзден мыңға дейін сөздерді қолданып қағаз бетіне түсіресіз.», – деп түсіндіреді Корли. Оның зерттеулеріне қатысқандардың 61%-ы осы әдісті қолданатындарын хабарлады.

6. Өз мақсаттарыңды көздеу

«Өз қалауыңыз бен мақсаттарыңызға жетуге тырысып алға ұмтылу ұзақ уақыттық бақыт пен үлкен байлыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп жазады Корли. Көптеген адамдардың жіберетін қателігі – басқа біреудің арманына жетуге тырысу, мысалы, ата-аналарының арманы. Табысты адамдар өздерінің мақсаттарын анықтайды және оларға жету үшін бар күшін салады.

«Құмарлық жұмысты жағымды етеді. Құмарлық сәтсіздіктер мен қателіктерді жеңу үшін қажет қуат пен табандылықты береді», – деп жазады Корли.

7. Жеті сағаттан аз ұйықтамау

«Ұйқы сәттілік үшін өте маңызды», – дейді Корли. Оның зерттеуіне қатысқандардың 89%-ы жеті сағаттан аз ұйықтамайтындарын айтты. «Ұйқы көптеген беймағлұм тапсырмаларды орындайды, оның ішінде есте сақтау қабілетін жақсарту да бар», – дейді ол.

8. Ерте тұру

Әдеттері зерттелген миллионерлердің шамамен 50%-ы жұмыс күні басталғанға дейін үш сағат алдын оянатындарын айтты. Осылайша олар ұзақ уақытқа созылатын жиналыс, көлік кептелісі немесе ауырып қалған баланы мектептен алып кету сияқты сөзсіз болып тұратын жағдайлармен күреседі.

«Бұл тосын жағдайлар бізге психологиялық әсер етеді. Олар түпсанаға еніп, біздің өмірімізді басқара алмаймыз деген сенім қалыптастыруы мүмкін. Бір күнде аяқтағыңыз келетін үш негізгі нәрсені аяқтау үшін таңғы бесте тұру сізге бақылауды қалпына келтіруге көмектеседі. Ол сізге шынымен өмірді басқаратындығыңызға сенімділік береді», – деп жазады Корли.

9. Бірнеше кіріс көзіне ие болу

«Өз күшімен дәулетке жеткен миллионерлер бір табыс көзіне сүйенбейді. Олар бірнеше ақша ағындарын дамытады», – деп жазады жазушы. «Үш саны менің зерттеуімде сиқырлы санға айналғанға ұқсайды», – деп жазады Корли, респонденттердің 65%-ы «алғашқы миллионына қол жеткізгенге дейін кем дегенде үш табыс көзіне ие болғанын» атап көрсетті. Осы қосымша ақша ағындарының мысалдарына: жалға жылжымайтын мүлікті беру, қор нарығында инвестициялардың болуы және қосымша бизнесте жартылай меншік иесі болу жатады.

10. Тәлімгерлерді табу

«Тәлімгер табу байлықты жинау процесін тездетеді», – дейді Корли. «Тәлімгерлер сізге тек оң әсер етпейді. Олар үнемі және белсенді түрде сіздің жетістіктеріңізге қатысады, не істеу керек және не істемеу керек деп кеңес береді. Олар өздерінің тәлімгерлерінен немесе өмірдің қатал мектебінен алған құнды сабақтарымен бөліседі».

11. Басқаларға жетістікке жетуге көмектесу

«Жетістікке ұмтылған адамдарға көмектесу өзіңізге де жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Мұны мақсаттас адамдар тобының қолдауынсыз ешкім жасай алмайды. Команда құрудың ең жақсы тәсілі – басқа өршіл адамдарға көмек ұсыну. Жетістікке ұмтылатын, өмірге құштар, мақсатты, позитивті және шабыттандыратын адамдарға көмектесуге баса назар аудару керек» – дейді Корли.

12. Әрқашан позитивті ойлау

«Әлемге позитивті көзқараста болғанда ғана ұзақ мерзімді жетістікке жетуге болады. Менің зерттеуімде барлық миллионерлердің ерекше белгісі позитивтілік болды», – деп жазады Корли. Оның пікірінше, адамдардың көпшілігінің проблемасы – олар оң да, теріс те болсын өз ойларын сезінбейді. «Егер сіз өз ойларыңызға көңіл бөліп зердесіне жетсеңіз олардың көпшілігі негативті екенін байқайсыз. Бірақ сіз оларды зерделегенде ғана олардың мұндай екенін түсінесіз. Зерделеу – бұл кілт», – дейді жазушы.

13. Көпшіліктің артынан ермеу

«Біз көпшілікпен бірігіп, көпшіліктің қатарына қосылғымыз келеді, сондықтан одан шықпау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», – деп санайды Корли. Сондықтан «көптеген адамдардың жетістікке жете алмауларының себебі өзін тобырдан бөле алмауы», – дейді ол. Жазушының

айтуынша, табысты адамдар өздерінің топтарын құрып, ізбасарларын тартады.

14. Этикет ережелерін үйрену

«Өз күшімен дәулетке жеткен миллионерлер белгілі бір этикет ережелерін игерген, сіз де жетістікке жетуді қаласаңыз, оларды игеруіңіз керек» деп жазады Корли.

Бұл ережелерге алғыс хаттарды жіберу, үйлену және туған күндер сияқты маңызды оқиғаларда құттықтау, дастарқан басында әдеп ежелерін сақтау және іс-шараларға дұрыс киімді таңдау кіреді.

15. Күніне 15-30 минут ойға шому

«Ойланып-толғану табыстың кілті», – дейді Корли. Бай адамдар күнде таңертең кемінде 15 минутын жалғыздықта ойға шомуға бөледі.

Жазушының айтуынша, «олар күн сайын жеке қалып, көптеген мәселелерді қамтитын ми шабуылдарын өткізеді, мансап пен қаржыдан бастап денсаулық пен қайырымдылыққа дейін».

Олар өзіне: «Көбірек ақша табу үшін не істей аламын?», «Жұмысым мені бақытты етеді ме?», «Мен көп жаттығамын ба?», «Мен тағы қандай қайырымдылық жобаларына қатыса аламын?» деген сияқты сұрақтар қояды.

16. Кері байланыс іздеу

«Сыннан қорқу – бұл кері байланысқа жүгінбеуіміздің себебі. Бірақ ол не дұрыс болып жатқанын, қай жерде қателіктер кеткенін түсіну үшін қажет. Кері байланыс сізге дұрыс жолда екеніңізді түсінуге көмектеседі. Жақсы да, жаман да пікірлер оқу мен өсудің маңызды элементі болып табылады», – дейді Корли.

Сонымен қатар, кері байланыс сізге бағытты өзгертуге және жаңа жұмыс немесе кәсіппен тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Корли айтқандай, «кері байланыс кез-келген бастамада жетістікке жету үшін қажетті ақпаратты береді».

17. Ешқашан берілмеу

«Өз күшімен дәулетке жеткен миллионерлер табанды. Олар ешқашан өз армандарынан бас тартпайды. Олар кемені тастап кеткеннен гөрі кемемен бірге суға батып кетер еді», – деп жазады Корли. Оның зерттеуіне қатысқандардың төрттен бірінен көбі бизнесте кем дегенде бір рет сәтсіздікке ұшырап, қайтадан оралғандарын айтты. «Егер сіз жетістікке жеткіңіз келсе, шексіз болып көрінетін сәтсіздіктерге қарсы төзімді болуыңыз керек», – деп жазады жазушы.

Керімсал ЖҰБАТҚАНОВ,

тарих ғылымдарының кандидаты.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста