Сұрақ-Жауап. Кеңес

Мінсіз макияж: Француз аруларының құпиясы қандай?

  • Мінсіз макияж: Француз аруларының құпиясы қандай?

    Мінсіз макияж: Француз аруларының құпиясы қандай?

Француз арулары өз уақытын тиімді пайдаланғанды ұнатады. Десе де олар өмірден ләззат алып, әр күнін мағыналы өткізуді ұмытпайды. Сол себепті шектен тыс боянып, айнаның алдында бар уақытын өткізбейді.  Бұл елдің сұлулары макияждың жеңіл түріне басымдық береді. Syrlasu.kz мінсіз француз макияжына қол жеткізудің басты құпияларымен бөлісті.

Тональді крем. Теріңіз жарқырап, мінсіз болып көрінуі үшін оған бірнеше қабат тональді крем жағудың қажеті жоқ. Бар болғаны креммен ылғалдандырып, макияжға дайындасаңыз болғаны.

Опа. Күнделікті макияж үшін тональді кремнің орнына жай ғана опаны қолдансаңыз болады. Ол үшін қылқаламға опаны жағып алып, артығын құрғақ майлықпен сүртіп алыңыз. Сонда бетіңізге қажетті көлемде опа жағылады.

Көз бояулары. Француз арулары аса қатты боянғанды жақсы көрмейді. Сол себепті табиғи түстерге басымдық береді. Әсіресе көз бояуларын аса мұқият таңдап, барынша дұрыс бояған жөн.

Өңлік. Өңлік тек макияжға көрік беріп, теріні балғын етіп көрсетуі керек. Сол себепті оны жағарда шектен шықпаған жөн. Өңлікті күліп тұрып, беттің шығыңқы жақтарына қылқаламның көмегімен жағу керек,

Қас. Қас &ndash макияждың негізі. Қасты бояу үшін қанық түсті көз бояуларын не қарындашты қолдануға болады. Мінсіз қасқа қол жеткізу үшін ең әуелі оны төменге қарай тарап, арасын көз бояуымен бояп алған жөн. Содан кейін қайта жоғары қарай тарап түссіз гельмен бекіту қажет.

Syrlasu.kz




Көрілген: 3820    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.02.2021, 09:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30