Сұрақ-Жауап. Кеңес

Мүгедектік бойынша жәрдемақы: Мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі және оны қалай алуға болады?

  • Мүгедектік бойынша жәрдемақы: Мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі және оны қалай алуға болады?

    Мүгедектік бойынша жәрдемақы: Мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі және оны қалай алуға болады?

Көпшілік мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін және мүгедектерге арналған жәрдемақыны қалай алуға болатынын білмей жатады. Мүгедектер әлеуметтік осал топ өкілдеріне жатады, сондықтан мұндай категориялы Қазақстан азаматтарына мемлекеттен жәрдемақы түрінде берілетін материалдық көмек тағайындалған. Stan.kz редакциясы қоғамның ерекше өкілдерінің құқықтары мен оларға қарастырылған өтемақы түрлерімен бөліседі.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау  ҚР Конституциясы, "ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңы бойынша реттеледі. 
Елімізде 2020 жылғы статистика бойынша 705 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 430 мыңы еңбекке қабілетті жаста, 181 мыңы зейнеткерлік жаста және 94 мыңға жуығы &ndash балалар.

Биыл әлеуметтік төлемдерге, оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді қамтамасыз етуге 448 млрд теңге бағытталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық.

Мүгедек жандардың құқықтары

Қазақстанда заң негізінде мүмкіндігі шектеулі жандар қайта қалыпқа келтіру, қоғамда орын табуға құқылы. Одан бөлек төменде көрсетілген құқықтарға ие:

Ақпаратпен қамтамасыз етілуі
Білім алу, қалауынша мамандық алуы
ҚР заңы негізінде тегін медициналық көмек алуға
Кәсіби дайындық, еңбекке жарамдылық мүмкіндігін қалыпқа келтіру
ҚР заңы негізінде баспанамен қамтамасыз етулі
Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет алуы
Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау.
Мүгедектерге қандай әлеуметтік көмек қарастырылған?

Мемлекеттік жәрдемақы түріндегі төлемдер, өтемақы
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан берілетін қосымша төлемдер
Жұмыс берушілер мен басқа да ұйымдар тарапынан берілетін қосымша әлеуметтік көмек
Қазіргі уақытта мүгедек адамдарға арналған "Кәсіптер атласын" әзірлеу аяқталуда.

«Даму» қорымен бірлесіп «Scale-up» бағдарламасы бойынша мүгедек адамдардың қатысуымен іске асырылатын 76 бизнес-жобаны қолдау шаралары басталды.

Жергілкті және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп мүгедек адамдарды мемлекеттік қызметкер қатарына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл 1 қарашада олардың саны 701 адамға жетті, оның ішінде 391 адам Мемлекеттік басқару академиясының онлайн-курстарынан өтті. Сондай-ақ, 2021 жылы барлық өңірлер Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Ten Qоgam» әлеуметтік қолдау және жұмысқа орналастыру орталықтарын ашуды жоспарлап отыр. Мұндай орталықтар бүгінге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ашылды.

Жәрдемақыны қалай алады?

Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) тұрғылықты жері бойынша жүгіну керек.
I, II және III топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін мәртебесін айқындау кезінде: Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне бару қажет.

Қажетті құжаттар:

Сол жерде берілетін өтініш
Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты куәландыратын құжат, туу туралы куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәландыру құжаты, шетел азаматының тұруға ыхтиярхаты).
Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат.
Мүгедектігі туралы анықтама.
Мүгедектік қалай анықталады?

Тұрғылықты/тіркелген жеріңіз бойынша медициналық ұйымға өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге не денсаулық сақтау ұйымының бейінді маманына бару керек, ол қажетті диагностикалық және емдеу іс-шараларын, стационарлық тексеру мен емдеу көлемін анықтайды, диагнозды және функционалдық бұзылу дәрежесін белгілейді.

Диагностикалық, емдеу және оңалту  жүргізгеннен кейін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болған кезде, медициналық ұйымдар диагноз қойылған соң төрт айдан кейін адамдарды МӘС-ке жібереді. Анатомиялық ақаулары бар адамдарды және айқын ауруы жазылмайтын, ауыр жағдайлар есепке алынбайды.

Дәрігер мамандар толтыратын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама
Медициналық ұйым әзірлеген жағдайда пациентті оңалтудың жеке бағдарламас медициналық бөлігінің көшірмесі
Куәландырылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы
Адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын анықтама (еркін нысанда)
Аурудың динамикасын талдау үшін амбулаторлық пациенттің медициналық картасы.
Адамды мүгедек деп тану үшін төмендегі факторлар ескеріледі:

организм функцияларының бұзылуынан денсаулықтың нашарлауы;
тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, қарым-қатынас жасау, мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен толық немесе жартылай айырылуы);
әлеуметтік қорғау шараларына мұқтаждық.
Пандемия кезінде мүгедектерге қандай көмек көрсетілді?

Төтенше жағдай және карантиндік шаралары кезеңінде 55 мыңнан астам азаматтың мүгедектік мерзімі үш рет автоматты түрде ұзартылды.

Министрліктің қосымша шаралары қабылдады:
1) медициналық-әлеуметтік мекемелер (МӘМ) карантиндік шараларды сақтап қалды, бұл жағдайды барынша қауіпсіз ұстауға мүмкіндік берді;
2) стационарлық МӘМ-де коронавирустық инфекцияны өршітпеу бойынша апта сайын мониторинг жүргізіледі;
3) мүгедек адамдарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтардың өтемақысы түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Нәтижесінде 739 мың адамға көмек көрсетілді, оның ішінде 570 мың мүгедек адам және 86 мың мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы бар.

Сондай-ақ, Нұр Отан "Біз Біргеміз" акциясы аясында 1-топтағы мүгедектігі бар 100 мыңнан астам адам және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы 50 мың теңгеден алды.

Ұлттық Жоспар шеңберінде Министрлік азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Заң жобасын әзірледі.

Заң жобасы 80-нен астам нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізуді көздейді және мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталады.

Оның ішінде:
- «мүгедек» кемсітушілік терминін «мүгедектігі бар адамға» ауыстыру (Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес);
- мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындамайтын жұмыс берушілерге өтемақы жарналарын енгізу;
- барлық 1-топтағы мүгедек жандарға күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақы енгізу; 
- 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу, жәрдемақы мөлшерін қайта қарау;
- мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыларды бірге алу құқығын беру;
- «Инватакси» қызметтерін, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді порталға ауыстыру;
- 1-2 топ мүгедектігі белгіленген жағдайда, 18 жастан асқан балалар үшін тұрғын үй кезегін сақтап қалу;
- еңбекте мертігуден немесе кәсіптік аурудан мүгедек болған адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары сияқты маңызды әлеуметтік нормалар бар.

Мүмкіндігі шекутелік жандардың жұмысқа орналасуы: квота берілетін болды

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қазіргі уақытта мүгедектерді еңбек нарығына бейімдеу маңызды мәселе болып отырғанын баса айтады.

"Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Қазақстанда 705 мыңнан аса мүгедектігі бар адамдар тұрады, бұл халықтың 3,7%-ы. Оның ішінде еңбекке жарамды жастағы 430 мың, жұмыс істейтін 100 мың адам, оның 40 мыңға жуығы әйелдер", - дейді министрлікте.

Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі халықты жұмыспен қамту орталығымен жүзеге асырылады.

Ол үшін мүмкіндігі шекутеулі жанға қажетті құжат: жеке куәлік.

Бағдарлама шеңберінде мүгедектер халықтың басқа да осал топтарымен бірге, бірінші кезекте, халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал ететін белсенді шараларға қатысуға құқылы.

Мәселен, 2017 жылдан бастап 65 мыңнан астам мүгедек бағдарламаның қатысушылары болды, оның ішінде 48 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды, оның 27 мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасты.

Бағдарлама аясында 2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 13 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 5 мыңнан астамы тұрақты, 8 мыңға жуығы уақытша жұмыс орындарына (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар) орналасты.

2020 жылы тұрақты жұмыспен қамтылған мүгедектердің ең көп саны Алматы (628 адам), Түркістан (541 адам), Қарағанды (481 адам) облыстарында.
Тұрақты жұмыспен қамтылғандардың ең аз саны Батыс Қазақстан (167 адам), Атырау (162 адам) және Маңғыстау (139 адам) облыстарында.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 626 адамды қамтылды, оның ішінде 329 адам өзінің бизнес жобаларын қорғады, оның ішінде 198 мүгедек микрокредиттер мен гранттарға ие болды.

Бұдан басқа, 350 адам шағын несие алды, оның 263-і өз кәсібін ашты, 830 адам грант алды.

Заңның нормаларын іске асыру мақсатында мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу ережесі бекітілді.

Сонымен бірге, дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде қосымша жұмыс орындарын құруға бағытталған 2020-2021 жылдарға арналған "Жұмыспен қамтудың жол картасы" іске асырылуда.

Жұмыспен қамтудың жол картасы әлеуметтік-мәдени нысандарды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жөндеу және қайта құру, инженерлік-көлік инфрақұрылымын салу және елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейді. Қазіргі уақытта 2,2 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адамдар инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастырылды.

2018 жылы тірек-қимыл аппараты және есту қабілеті бұзылған жандарға 50 млн теңге бөлініп, 282 арнайы жұмыс орны құрылды. 2019 жылы республикалық бюджеттен 85 млн теңге жұмсалып, көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған 34 арнайы жұмыспен қамтамасыз етілді. Биыл көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге 31 арнайы жұмыс орнын ашты. 

Айта кетейік, жастарға, оның ішінде еңбекке қабілетті мүгедектерге, жұмыс тәжірибесі жоқ бірінші жұмыс орнында жұмыс табуға мүмкіндік беретін жаңа «Бірінші жұмыс» жобасын іске қосу жоспарланып отыр.

"Алматы қалалық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аманбаев Әли 3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күніне орай түрлі шаралар ұйымдастырылып жатқанын айтады. Соның ішінде барлығы мүмкіндігі шектеулі жандардың өз құқықтарын насихаттауға бағытталған.

"Қауымдастықтың жұмыс істеп жатқанына 33 жыл толды. Үкімет пен депутаттар тарапынан қолдау көрсету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Мақсатымыз - мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау, консультациялық, оңалтуға арналған көмек беру. Бізге қолдау мемлекеттен көрсетілмейді, алайда аз-кем көмек көрсететіндер қатарында еріктілер мен ерекше қажеттіліктері бар. Шетелде мүмкіндігі шектеулі жандарға жақсы жағдай жасалатыны белгілі, олардың мәдениеті сондай. Біз де соған келе жатырмыз", - дейді ол.

Әли Әбілдаұлының айтуынша, ақпараттық насихат жүргізу арқылы мүгедектерге қандай жеңілдіктер, мүмкіндіктер барын түсіндіру жұмыстары қарқынды іске асуда. 




Көрілген: 3673    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.12.2020, 17:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ
    12 Желтоқсан 2020
    НАҒЫЗ ЕРКЕК ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31