Сұрақ-Жауап. Кеңес

Наурыз мейрамын неше күн бойы тойлаймыз

  • https://baribar.kz/

    https://baribar.kz/

Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын бекіту туралы қаулының жобасы "Ашық НҚА" сайтында қоғамдық талқылауға салу мақсатында жарияланды.

 

Талқылауға арналған құжатты Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі ағымдағы жылдың 9 ақпанында жария етті.

 

Талқылаудың аяқталу күні - 16 ақпан.

 

Тұжырымдамаға сәйкес Наурызды 10 күн (14-23 наурыз аралығында) бойы атап өту жоспарланған:

 

14 наурыз &ndash "Көрісу күні"

 

15 наурыз &ndash "Жайлау күні"

 

16 наурыз &ndash "Шежіре күні"

 

17 наурыз &ndash "Тарихқа тағзым күні"

 

18 наурыз &ndash "Игі істер күні"

 

19 наурыз &ndash "Шымырлық пен шеберлік күні"

 

20 наурыз &ndash "Зияткерлік күні"

 

21 наурыз &ndash "Ұлттық тағамдар күні"

 

22 наурыз &ndash "Ұлыстың ұлы күні"

 

23 наурыз &ndash "Жоралғы күні"

 

Сонымен қатар, жобда мерекені тойлатудың мақсаттары айқындалған. Тұжырымдама авторлары Наурызды атап өту қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту, ынтымақ-бірлікті арттыруға, мейрам кезінде әр адам отбасына, ата-анасына барып, хал-жағдай сұрасу арқылы отбасы институтын күшейтуге, азаматтық бейбітшілікті сақтауға, әлеуметтік әріптестікті және қайырымдылық жасау мәдениетін дамытуға, этносаралық қатынастар мәдениетін дамытуға, қоғамдағы достық пен сенімді нығайтуға, Қазақстан табиғатының бірегейлігін, табиғатқа ұқыпты қарауды ұғынуға, экологиялық мәдениетті және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша қоғамдық бастамаларды дамытуға өз үлесін қосады деп сенеді.

 

Осы онкүндікте тұрғындарға толығымен ұлттық нақыштағы киімдер кию ұсынылды.

 

Сондай-ақ, дизайнерлер, тігіншілер сән үлгілерін ұйымдастырып, ұлттық стильдегі жаңа киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынуы өте маңызды. Түрлі сән үлгідегі ұлттық киімді осы он күн ішінде, Көрісу күнінен мейрамның соңына дейін киіп жүру ұсынылады.

 

Сонымен қатар, гүлдер жәрмеңкесі мен базарлар, айтыстар: жаз бен қыс айтысы, өлі мен тірі айтысы өтеді деп күтілуде. Шуақ концерті: ескі жылмен қоштасу, жаңа жылмен қауышу &ndash сахналық қойылымдар (шоу) қойылады.

 

Наурыз мейрамы онкүндігі аз қамтылған отбасыларды қолдауға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жоқ-жітімге, жарлы-жақыбайға қол ұшын беруге арналады.

 

Дәулеті мүмкіншілік беретін адамдар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға "Жүрек жылуы", "Наурыз дастархан" ретінде азық-түлік үлестіреді. Елдімекендерде киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар мен мерекелік шаралар ұйымдастырылып, наурыз көже үлестіріледі.

 

Сондай-ақ, "Қымызмұрындық" этнофестивалі өткізіледі. Тағамдар шеруі өткізіліп, Наурыз көже мен бауырсақ алаңы ұйымдастырылуы қажет.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 3489    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 08:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30