Сұрақ-Жауап. Кеңес

"Наурызда 10 күн демаламыз". Желіде тарап жүрген "құжаттағы" ақпарат рас па?

  • "Наурызда 10 күн демаламыз". Желіде тарап жүрген "құжаттағы" ақпарат рас па?

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде "үкімет қаулысының" суретін таратып жатыр, онда 2020 жылы мереке күндерінің саны өзгеретіні айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құжатта" демалыс күндері деп мына күндер белгіленген 2020 жылдың 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 наурызы.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова бұл ақпараттың жалғаны екенін мәлімдеді.

"2019 жылғы 1 қарашадағы Үкімет қаулысына сәйкес демалыс күндері 2020 жылдың 5 қаңтарынан 2020 жылдың 3 қаңтарына, 2020 жылдың 11 мамыры 2020 жылдың 8 мамырына, 2020 жылдың 20 желтоқсаны 2020 жылдың 18 желтоқсанына ауыстырылды. Әлеуметтік желілерде таралып жатқан Үкіметтің 2020 жылы мерекелік күндерді көбейту туралы қаулысы - фейк", - деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі. Uchet.kz сайтындағы мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурызында қазақстандықтар сегіз күн демалады. Ол сегіз күннің ішінде Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы бар.

Халықаралық әйелдер күні қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады - 7, 8 және 9 наурыз, ал Наурыз мейрамында бес күн демалады - 21-25 наурыз аралығында. 26-сы жұмыс күні болады.




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 10:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31