Сұрақ-Жауап. Кеңес

Неге жаңа піскен нанды жеуге болмайды

  • © Sputnik / Александр Кондратюк

    © Sputnik / Александр Кондратюк

Дәрігер-терапевт, диетолог Мария Черняева Sputnik радиосына берген сұқбатында асқазан-ішек жолдары ауруы бар адамдарға жаңа піскен нанды жемеуге кеңес берді.

 

Дәмді әрі хош иісті жаңа піскен нан қатып қалған наннан құрылымы мен құрамы жағынан ерекшеленеді. Ең алдымен, оның қышқылдылығы жоғары, деп түсіндірді диетолог.

 

Черняеваның айтуынша, асқазан-ішек жолының жұмысы бұзылған жағдайда, мұндай өнім созылмалы ауруларды асқындырып жіберуі мүмкін. Ал уақыт өткен сайын нанның қышқылдық және басқа да қасиеттері өзгереді. Сегіз сағат немесе бір тәулік тұрған нанның ағзаға тигізер зияны аз, деп санайды ол.

 

"Асқазан-ішек жолы органдарының ауруы бар адамдар сегіз сағат немесе бір тәулік бұрын піскен нанды жегені дұрыс. Осылайша олар гастрит, асқазан жарасы сияқты созылмалы аурулардың асқынуына жол бермейді",- деді диетолог.

 

Дәрігер асқазанға жаңа піскен нанға қарағанда тұрып қалған немесе кептірілген нан анағұрлым пайдалы екенін атап өтті.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 2243    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.03.2021, 14:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31