Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Некеге тұруға интернет арқылы өтініш беруге болады

29 сәуір 2011, 10:52

Осы жылдың қаңтарынан бастап некеге тұруға интернет арқылы арыз беруге болатыны жайлы естігенмін. Осы орайда менің білгім келгені, бүгінгі таңда некеге тұруға интернет арқылы өтініш берген азаматтар бар ма?
Айдана,
Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы  Әділет ми­нис­­трлігінің ресми өкілі Ерболат Ерім­беттің мәлімдемесіне жүгінер болсақ,  елімізде интернет арқылы некеге тұруға өтініш беру қызметін белсенді пайдаланып отырған азаматтар өте аз көрінеді. Ресми өкілдің мәліметтеріне сәйкес, осы уақыт аралығында бұл қызметті небәрі он шақты адам ғана пайдаланған.
«Бұл интернет арқылы өтініш беруге болатынын әлі бәрі біле қоймағандықтан шығар», – дейді Е. Ерімбет ҚазТАГ тілшісіне берген мәліметінде.
2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап АХАЖ органдарына некеге тұру туралы өтінішті сандық қолды пайдаланып, интернет арқылы беруге болатыны белгілі.
Ведомствоның пікірінше, бұл қызмет әлемнің түрлі нүктелерінде жүрген жастарға отбасы құру процедурасын жеңілдетуге бағытталған.
20 жылдың ішінде Қазақстан азаматтары шетелдік азаматтармен 6389 неке құрған.