Сұрақ-Жауап. Кеңес

Неліктен түнде смартфонды өшіру керек - Маман

  • Фото: android.mobile-review.com

    Фото: android.mobile-review.com

Смартфонды түнде неге өшіру керек? Бұл сұраққа "Роскачества" баспасөз қызметінің маманы Алеся Боровикова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

 

Маманның айтуынша, қауіпсіздік тұрғысынан смартфонды түнде өшірудің мәні жоқ. Ал психологиялық тұрғыдан мұндай әдіс өзін ақтайды. Ал олай болмаған жағдайда адам смартфонды түнде пайдалануы мүмкін. Осылайша, ол түнде ұйықтай алмауы ықтимал. Мұндай мәселе бар екенін зерттеулер көрсеткен.

 

"Егер сіз төсекте телефонды қолдансаңыз, телефон параметрлерінде түнгі режимге ауыстырыңыз. Бұл опцияны басқаша да атауға болады (Xiaomi-де оқу режимі, iPhone-да Night Shift). Ол жарық спектрін сарыға ауыстырады. Нәтижесінде көзге жүктеме азаяды", - дейді Алеся Боровикова "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында.

 

Бұл тәсіл көзге жүктемені азайтуға септігін тигізеді. Алайда қараңғыда смартфонды пайдаланудан туындайтын ұйқының бұзылу мәселесін шешпейді. Экранның жарығы, тіпті қалыпты режимде де сақталады. Сондықтан ұйықтар алдында смартфонды өшіру керек немесе ұйқыдан бір сағат бұрын оны пайдаланбау керек дейді маман.

 

"Сонымен қатар, телефонды түнде қуаттауға қоймаңыз. Оны таңертең қуаттауға қойған дұрыс. Себебі, телефонды түнде қуат көзіне қою оның аккумуляторына кері әсерін тигізеді", - дейді Боровикова.




Көрілген: 1827    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.11.2020, 13:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31