Сұрақ-Жауап. Кеңес

Нобель сыйлығынан кім бас тартты?

  • https://abai.kz/

    https://abai.kz/

2020 жылғы 5-12 қазан аралығында Стокгольм мен Ослода физиология және медицина, физика, химия, әдебиет саласындағы және әлемдік Нобель сыйлығы лауреаттарының есімі жарияланады.

 

Сондай-ақ Альфред Нобельді еске алуға арналған Швеция мемлекеттік банкінің экономика жөніндегі сыйлығы лауреаттарының есімі белгілі болады.

 

Нобель сыйлығының тарихында кейбір лауреаттар сыйлықтардан бас тартқан екен. Олардың қатарына неміс ғалымдары Рихард Кун (1938, химия), Адольф Бутенандт және Герхард Домагк (1939, химия және физиология және медицина) кірді. Олар нацистік Германияда Нобель сыйлығын қабылдауға тыйым салынғандықтан, осы қадамға баруға мәжбүр болды. Үшеуі де екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дипломдар мен медальдарға ие болды.

 

1958 жылы Борис Пастернак биліктің қысымымен әдебиет сыйлығынан бас тартты Сыйлық қазіргі лирикалық поэзиядағы және ұлы орыс прозасындағы ерен еңбегі үшін берілмек болған. КСРО-да оның шетелде жарияланған «Доктор Живаго» романы идеологиялық тұрғыдан зиянды саналды. 1989 жылы желтоқсанда Стокгольмда медалі мен дипломы ұлына берілді.

 

Француз жазушысы және философы Жан-Поль Сартр (1964) әдебиет сыйлығынан бас тартты. Нобель комитетіне ресми хатында Сартр өзінің шешімін жеке себептермен байланыстырады.

 

Вьетнам саясаткері (Солтүстік Вьетнамның өкілі) Ле Дык Тхо Нобель атындағы әлемдік сыйлықтан бас тартты. Ол 1973 жылы Генри Киссинджермен бірге Вьетнамдағы бейбітшілікті қалпына келтіру туралы келісім жасасуға күш салғаны үшін марапатқа ие болды. Алайда елде соғыс қимылдары жалғасып жатқан кезде марапатты қабылдамады.

 

 

24.kz




Көрілген: 554    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31