Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ныспың өзгерсе де, пәтер құжаты өзгермейдi

14 сәуір 2011, 17:32

Тұрмысқа шыққан соң, күйеуiмнiң фамилиясына ауыстым. Пәтер иесi өзiм болғандықтан, оның құжатын түгелдей өзгертуiм керек пе?
Мәдина,
Алматы қаласы
Жоқ, фамилия өзгерген жағдайда пәтер құжатын түгелдей өзгертудiң қажетi жоқ. Бұл жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығындағы жылжымайтын мүлiк құқығын растайтын базадағы мәлiметтерге түзету енгiзiлсе жеткiлiктi. Ол үшiн пәтерiңiз орналасқан аудандағы Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, төмендегiдей құжаттарды тапсыру қажет:
- Тұрғын үй меншiгiн растайтын құжат (сату-сатып алу, айырбас немесе сыйға тарту туралы);
- неке туралы куәлiк;
- үй иесiнiң куәлiгi мен СТН.
Бұл қызмет үшiн 300 теңге көлемiнде мемлекеттiк баж төленедi. Түзету енгiзiлген құжат жетi күннен кейiн берiлуi тиiс.