Өкпенің қатерлі ісігін туындатуы мүмкін танымал дәрумендер аталды

18 қазан 2021, 18:01

В6 және В12 витаминдерін мөлшерден тыс пайдалану өкпенің қатерлі ісігінің пайда болу қаупін арттырады деп жазады РИА Новости.

 

Басылымның жазуынша, Огайо штаты университетінің ғалымдары 77 мыңнан астам адамға зерттеу жүргізген.

 

Мамандар адамдардан В тобына жататын витаминдер тобын қаншалықты жиі тұтынатынын сұраған. Сондай-ақ, қабылдаған дәрумендер мөлшері мен өткен он жылдағы тамақтану рационы есепке алынған.

 

Алты жылдан кейін зерттеушілер өкпенің қатерлі ісігінің белгілерін анықтау үшін зерттеуге қатысушылардың денсаулығын тексерген. Осы кезде мамандар В12 витаминін қабылдаған адамдарда өкпенің қатерлі ісігі қаупі 30 пайызға, ал В6 витаминін қабылдағандарда қауіптің 40 пайызға жоғарылағанын анықтаған.

 

Бұл дәрумендерді витаминдік кешеннен бөлек үлкен мөлшерде қабылдау ер адамдар үшін аса қауіпті болып шықты.

 

"В12 витаминін тәулігіне 55 микрограммнан көп қабылдаған ер адамдарда В тобындағы дәрумендерді қабылдамаған ер азаматтармен салыстырғанда өкпе ісігінің даму қаупі 98 пайызға жоғары болды", - деді зерттеу авторларының бірі

 

Теодор Браски. Сонымен қатар, зерттеу материалында балық, қызыл ет және үй тауығының өнімдері В6 және В12 дәрімендеріне бай екені көрсетілген.

 

 

 

kaz.nur.kz