Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оқушы партасын дәрiгер ойлап тапқан

10 мамыр 2011, 18:34

Мектеп оқушыларын партаға отырғызу қай кезден бастап қалыптасқан және партаны ойлап тапқан кiм?
Алмас ШЫНТЕМIРОВ,
Қарағанды қаласы
Ең алғаш парта XIX ғасырдың 60 жылдарында пайда болды. Осы кезде дәрiгерлер оқушының ұзақ уақыт ыңғайсыз орындықта отыруын денсаулықтарына зиян, омыртқалары қисық өсiп, көру қабiлеттерi төмендейдi, тыныс алу және қан айналымдары бұзылады деген шешiмге келдi. Кейiннен Англия, Германия, Швейцария елдерiнде  оқушылардың денсаулығына зиян келтiрмейтiн жиһаз құрастырыла бастады. Дәрiгерлердiң пiкiрiнше, оқушыға ең ыңғайлы парта оның бойына сәйкес келуi керек. Осыны ғылыми түрде зерттеген офтольмолог-дәрiгер, Мәскеу императорлық университетiнiң профессоры, ұлты швед Федор Федорович Эрисман болатын. Ол 1870 жылы алғаш рет партаның құрылымы, көлемi қандай болу керектiн нақты анықтады. Оның нұсқасымен жасалған парталар Брюссельде өткен халықаралық гигиена көрмесiне қойылды. Эрисман өз зерттеулерiнiң нәтижесiнде оқушыларға арналған мектеп бөлмелерiнiң де жобасын жасаған. Уақыт өте келе партаның түр-түрi пайда болды. Мектептерде жылжымалы парталар, кiтап қоюға және сызба жұмыстарымен айналысуға ыңғайлы парталар, бiр орынды парталар пайдаланылды. Бiрақ көптеген орта бiлiм ошақтары Ф.Эрисман ойлап тапқан екi орынды партаны қолданғанды жөн көрдi.