Сұрақ-Жауап. Кеңес

Опасыздық жайлы шындыққа жанаспайтын бес нәрсе

  • Опасыздық жайлы шындыққа жанаспайтын бес нәрсе

    Опасыздық жайлы шындыққа жанаспайтын бес нәрсе

 Психолог Наталья Моргунова опасыздық жайлы кең тараған өтіріктердің рейтингін жасады. Ол ерлер мен әйелдер арасында қарым-қатынасқа байланысты қандай кереғар пікірлер кең тарағанын атап өтті деп хабарлайды commerage сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


1. Ер азаматтар табиғатынан әртүрлі әйелдермен төсек қатынасына түсуге құмар


Негізінде әйелдер де көзге шөп салу жағынан ерлерге дес бермейді. Бірақ олар ер азаматтарға қарағанда оны жасырын жасайды. Ерлер өздерінің опасыздығын тән қажеттілігі деп түсіндіріп, ақталғанды ұнатады. Алайда адамның жануардан бір айырмашылығы бар. Ол - сана. Адам өзінің әрекетін басқарып, өзі таңдау жасай алады.


2. Опасыздық қарым-қатынасқа екінші тыныс береді


Қателік жасап, көзге шөп салған адам өзін кінәлі сезініп, екінші жартысына сыйлықтар беріп, көңіл бөле бастайды. Бірақ мұның бәрі уақытша. Көп ұзамай бәрі бұрынғы қалпына қайта түседі.


3. Опасыздық - қиындықтардың көрсеткіші


Ең тәтті жұптардың өзінде опасыздық орын алып жатады. Мәселен, жұбайын сүйетін көптеген еркек орта жас дағдарысына байланысты өзге әйелдің құшағына құлауы мүмкін.


4. Ерлер тән қалауы, әйелдер жан қалауы үшін опасыздық жасайды


Қазір ерлер мен әйелдер тең құқық алғаннан кейін нәзік жандылар қауымы да жиі опасыздық жасайтын болған. Олардың көбі тек жүрек қалауы үшін күйеулерінің көзіне шөп салмайды.


5. Ерлер әйелдердің қиындықтары болғаны үшін опасыздық жасайды


Бұл шындықтың тек 20 пайызы. Егер, сіздің екінші жартыңыз көзіңізге шөп салған болса, кінәні тек өзіңізден іздемеңіз. Қайта өзіңізді бағалап, қай жеріңізді шыңдау керек екенін саралап шығыңыз. Кез келген сәтте сізді өзге біреуге айырбастап жіберуге дайын жан сізге керек пе? Соны ойлаңыз.


KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 1159    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 19:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31