Сұрақ-Жауап. Кеңес

Өз-өзіңізге деген сенімділікті арттырудың 7 тәсілі

  • © Prodawez.ru

    © Prodawez.ru

Бойымызға сенімділікті қалай қайтарамыз? Сенімділік деген не нәрсе? Осы сұрақтардың жауабын көбіміз іздейміз.


Кезекті материалымыз осы тақырып аясында болмақ. Бойымыздағы сенімділік – табыстың кілті. Табысты адамдар жайынды сөз қозғаған кезде көз алдымызға өзіне барынша сенімді, бойын тік ұстайтын тұлға елестейді. Ол өзінің не қалайтынын жақсы біледі. Оның алдында биік қамалдардың өзі жасқанатындай көрінеді. Айналасындағы адамның барлығы оның мінезі мен жылдамдығына ерекше таң қалады. Өзіне қарсы пікірлерді елемейді. Ал бұл мінездің құпиясы неде? Мүмкін дәл солай туылған шығар? Олай болса, осы қасиетті еркін меңгерудің құпиясын бірге ашайық.


«Өзіне сенушілік» - адамның өз күшін жоғары бағалауы. Бірақ кез келген сенімнің ірге тасы ертеден қалануы тиіс. Ал сенімділік бізге не береді? Өзіне сенімді адам өмір атты ұзақ жолда жылдам қозғалады. Уақыт өте келе жылдамдығы үдей түседі. Ешқашан көңілі түсіп мұңаймайды. Қай бағытқа бара жатқанын жақсы біледі. Мұнымен қатар сенім мен өзімшілдікті шатастырмау керек. Өзімшіл адам бойындағы күшін артық бағалайды. Олай болса, бұл қасиетке қалай қол жеткізуге болады? Төменде тексеруден өткен 7 тәсілді ұсынамыз.


1. Бойында бұл қасиеті жоқ адамдардың басты кемшілігі – өзін дұрыс танымауы және бойындағы кемшіліктерін дұрыс білмеуі. Сондықтан бірінші өзімізден бастауды ұсынамыз. Қолыңызға қағаз бен қалам алып, 1000 кемшілігіміз бен 1000 жағымды қасиетіңізді тізіп шығыңыз. Кемшіліктердің қарма-қарсы тұсына өзгергіңіз келетінін қасиетті жазыңыз. Артынша осы тізімнің дұрыс орындалуын қадағалаңыз. Әрине, бірден 1000 жазу қиынға соғатын шығар. Әзірше 50-100 қасиетті жазудан бастауыңызға болады.


2. Бірінші баспалдаққа шыққан соң, «Табыс» журналын жасайық. Дәптер алып, ішіне күнделікті жетіп отыратын 5 жетістігіңізді жазыңыз. Ең бастысы күнде жазуды ұмытпаңыз. Қиналған сәтте осы табысыңызға арқа сүйеуге болады. Майда жетістіктердің арқасында жеңімпаздың рухы оянады.


3. Ақпаратты сараптау. Өміріңізден жағымсыз ақпаратты өшіріңіз. Оны орындау үшін не істеп жүргеніңізге, қандай кітап оқитыныңызға, кімдермен араласып жүргеніңізге назар аударыңыз. Үнемі артқа тартатын адамдарды сізді шыңға жетелейтіндерімен алмастырыңыз. Бұл жаныңызда жүрген жандарды біржолата ұмытыңыз деген сөз емес. Және табысты адамдардың өмірінен алынған мысалды оттегідей пайдаланыңыз.


4. Образыңызды ойлап табыңыз. Ақ қағаз алып, 1-2 жылдан кейін өзіңізді қандай тұлға ретінде елестетеніңізді жазыңыз. Және бойыңыздан көргіңіз келетін қасиеттерден бастаңыз. Олардың саны кем дегенде 20 болсын. Күнде ұйықтар алдында осы қағазды оқып, жаңа образыңызды көз алдыңызға елестетіңіз.


5. Спортқа жақын болыңыз. Оның кез келген түрімен айналысуыңызға болады. Бастапқыда таңертең 15 минут жүгіруден бастаңыз. Небары 15 минутыңызды спортқа арнау арқылы үлкен жетістіктерге жете аласыз. Күш пен төзімді ақырындап ұлғайту керек.


6. Шығармашылықпен айналысыңыз. Би билеп, ән айтыңыз, қажет болса театр сахнасында өнер көрсетіңіз. Осылайша бойыңызға деген сенімділіктің артып келе жатқанын байқайсыз. Икемділік қашан да керек.


7. Үлкен асты қасықтап жеңіз. Адамдар үлкен іске бірден кіріседі де, қолдарынан келмеген соң, жылдам бас тартады. Сондықтан үлкен жұмысты бірнеше бөлікке бөліңіз. Олай болса, іске сәт дейміз! 


Reactor




Көрілген: 782    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 11:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
    15 Наурыз, 10:27
    Ата-ананың 4 қателігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31