Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Парсы шығанағы елдерінің ұйымы қалай аталады?

27 сәуір 2011, 14:27

Парсы шығанағы елдерінің құрған ұйымы болғанымен, ауызбіршілігі сын көтермейді деседі. Шығанақтағы араб елдерінің басын қосқан қандай ұйым?
Сырым Ғабдолла, Алматы
Парсы шығанағындағы араб мем­лекеттерінің ынтымақтастық кеңесі деп аталатын ұйым 1981 жылдың 25 мамырында құрылған. Яғни бір айдан кейін аталған құры­лымға 30 жыл толады. Негізгі мақ­саты – мүше мемлекеттер ара­сын­да­ғы экономикалық, әлеуметтік жә­не мәдени ынтымақтастықтарды арт­тыру. Қазірде бұл ұйымға Бах­рейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман жә­не Сауд Арабиясы мүше болып та­бы­­лады. Орталығы Эр-Рияд қала­сын­­да орналасқан. Мүше мем­ле­кет­тер арасында тығыз ынты­мақ­тастық бол­мағанмен, ауызбіршілік жоқ емес. 2005 жылдан бастап Йе­мен мү­ше болғысы келіп жүр. Бір қы­зы­ғы, Парсы шығанағы елдерінің бірі – Ирак бұл ұйымның құрамында жоқ.