Сұрақ-Жауап. Кеңес

Пәтер иелеріне 5 пайдалы кеңес

  • Пәтер иелеріне 5 пайдалы кеңес

    Пәтер иелеріне 5 пайдалы кеңес

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа Заң күшіне енді, ол бойынша 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ПИК-тер күшін жояды. Олардың орнын жай серіктестіктер (ЖС) мен меншік иелері бірлестіктері (МИБ) болады.

МИБ-ті тіркеу кезінде пәтер иелері жиі кездесетін проблемалық мәселелерді қарастырайық:

1. Құжаттарды дайындау кезінде жиналыс хаттамасының және сауалнама парақтарының үлгілік нысандарын қолданыңыз.

Жиналыс хаттамасы, сауалнама парақтары еркін нысанда жасалған немесе оларда қателіктер жіберілген жағдайда тіркеуші орган құжаттарды жөнге келтіруге қайтара алады.

Жиналыс хаттамасы, сауалнама парақтарын ҚР ИИҚМ-нің 2020 жылғы 30 наурыздағы №163 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес үлгілік нысандар бойынша дайындалуы керек. Дауыс беру парақтары нөмірленіп, хаттамамен бірге тігілуі керек.

2. МИБ Жарғысын тіркеу органына ұсынуға екі тілде дайындаңыз: мемлекеттік тілде (2 дана) және орыс тілінде (2 дана).

Жарғыны әзірлеу кезінде пәтер иелерінің өмірін жеңілдету үшін жасалған мүлік иелерінің бірлестігінің Үлгілік Жарғысын негізге алу да оңай.

Егер пәтер иелері өздерінің МИБ жарғысын дербес әзірлеу туралы шешім қабылдаса, онда Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының негізгі нормаларын енгізу қажет.

3. Егер Сізге МИБ атауын таңдау қиынға түссе - тұрғын үй кешенінің атауын немесе көпқабатты үйдің мекен-жайын алыңыз.

Заңды тұлғаның атауы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, басқа, осыдан бұрын тіркелген заңды тұлғалардың атын толық немесе едәуір қайталамауы керек. Сондықтан атауды таңдау жиі қиынға соғады.

4. Заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде сіз МИБ кеңсесінің нақты мекен-жайын немесе МИБ төрағасының үйінің мекен-жайын көрсете аласыз.

Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда МИБ төрағасының нақты мекен-жайы заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде көрсетіледі.

5. МИБ төрағасының кандидатурасын оны түпкілікті мақұлдағанға дейін тексерген дұрыс.

МИБ төрағасы толық қабілетті, бандитизм, алдын ала банкроттық қылмыстары үшін өтелмеген және алынбаған соттылығы, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша қарыздары болмауы керек.

 

Заңның талаптарына сәйкес тіркеуші орган заңды тұлғаның басшысы туралы ақпаратты тексереді және сәйкес келмеген жағдайда құжаттарды міндетті түрде қайтарып береді.


BAQ.KZ




Көрілген: 783    Пікірлер: 0

сенбі, 21.11.2020, 02:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31