Сұрақ-Жауап. Кеңес

Пәтер сатып алушыларға кеңес

  • https://www.zakon.kz

    https://www.zakon.kz

Жылжымайтын мүлік жөніндегі мамандардың мәліметше, елімізде соңғы бірнеше айдың ішінде баспана бағасының өскені байқалады. Осы тұрғыда Крыша мамандары пәтер жалдап, үй сатып алатындарға кеңес берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


№2 анықтаманы талап етіңіз


Мамандардың айтуынша, үй сатып алмас бұрын құжаттарын тексеріп, №2 анықтаманы талап етуді ескертті. Себебі кей мүлік банк кепілі немесе сот ісіне қатысты болуы мүмкін.


«Пәтер немесе қандай да бір ғимаратты сатып аларда құжаттарына мұқият мән беріңіз. Ол құжат №2 анықтама деп аталады. Оны мүлік иесімен бірген Халыққа қызмет көрсету орталығына барып аласыз. Құжатта мүлік иесінің аты-жөні, мүліктің қалай, қайдан алынғаны, банктің кепілінде тұрғаны, тыйым салынғаны туралы (болған жағдайда) барлық ақпарат тіркелуі керек. Қажет болса, мүліктің алғашқы иесі мен тарихын сұратуға болады», – дейді мамандар.


Риелторды қалай таңдау керек?


Мамандардың айтуынша, өздерін ақпарат агенттігі деп таныстыратындар, риелторлардың атына кір келтіріп жүр.


Риелторларға сенім әуелден болмаған. Бірақ қазір жағдай реттеліп келе жатыр. Риелторлардың көмегіне жүгінетіндер саны біртіндеп артып келеді. Бұл қызмет заңмен реттелмеген. Соны пайдаланатындар бар. Көбіне адамдар ақпарат агенттігінің қызметіне жүгініп, алданып қалады. Себебі олар клиентті офисіне шақырып, келісімшартқа қол қойғызып, пәтер таппастан бұрын қаржы талап етеді. Кейін нөмірін өшіріп, жоқ болып кетеді. Заңды жұмыс істейтін риелтор алдын ала ақша сұрамайды, – дейді Крыша сарапшылары.


 




Көрілген: 1584    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.09.2019, 20:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Желтоқсан, 18:26
    Әйелдер неге жылайды?
    28 Қараша, 10:08
    Шай ішу кімдерге зиян
    15 Қараша, 12:31
    Қант диабеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31