Пайдалы кеңестер

Пайдалы кеңестер


 1. Торт құрғап, қатып қалмас үшін оның кесілген бөлігіне тіс шұқитын таяқшамен нан тілімдерін «қадап» қойсаңыз болады. Бұл жағдайда торт емес, нан құрғайды.

 2. Сорпаның тұзы шектен тыс көп болып кеткен жағдайда мынадай қулық жасауға болады: дәкеге жарманы орап, оны сорпаға салыңыз. Сорпа қайнап жатқан кезде артық тұз жармаға сіңеді.

 3. Бауыр тым қатты болмасын десеңіз, оны пісуге аз қалғанда тұздаңыз.

 4. Бананның түп жағын скотчтап тастасаңыз, тез қараймайды.

 5. Тәтті тоқаштың үстіңгі жағы күйіп бара жатса, үстіне сулы орамал жаба қойыңыз.

 6. Күріштің түсі әппақ маржандай болғанын қаласаңыз, оны қайнатқан кезде бірер тамшы сірке суын қосыңыз.

 7. Сарғайып бара жатқан аскөкті бірден тастай салмаңыз. Оны майдалап турап, зәйтүн майымен араластырып, мұзға арналған қалыпқа салып қойыңыз. Кейін салатқа қосқанда керек болады.

8. Үрмебұршақтың қараймағанын қаласаңыз, қайнатқан сәтте бетін жаппағаныңыз абзал.

 9. Сиыр етін пісірместен жарты сағат бұрын майонезбен маринадтасаңыз, жұп-жұмсақ болады.

 10. Қайнатылған жұмыртқаны тураған кезде сарыуызы қайта-қайта жабыса берсе, пышақты салқын суға жуып алыңыз.

 11. Құрғап қалған чипсы мен крекерді қысқатолқынды пешке салу арқылы қалпына келтіруге болады.

 12. Сорпаның түсі мөп-мөлдір болсын десеңіз, оған аз-маз мұз салып, қайнағанша күтіңіз.

 13. Жұмыртқаны тоңазытқышқа салмас бұрын сыртына өсімдік майын жағыңыз. Сонда ол 3-4 апта бойы балғын күйін сақтайды.

 14. Тартылған ет дәмдірек болуы үшін оған майдалап үгітілген пияз бен шикі картопты қосуға болады.

 15. Миндальді қайнаған суға 3 минутқа салып, одан соң, суық суға салған жағдайда оңай аршылады.

 16. Қаймақтан тамаша крем жасау үшін оған шикі ақуыз қосыңыз.

17. Алма мен картопты бір жерде сақтаңыз. Алманың құрамындағы этилен картоптың бүршіктенуіне мүмкіндік бермейді.

 18. Ұнтақталған кофеге бір шымшым тұз қосып жіберсеңіз, дәмі жақсарады.

 19. Еттің қабығы қытырлап тұруы үшін сыртына бал, анар шырыны немесе су қосылған коньяк жағу қажет.

 20. Майонез, зәйтүн майының қалдығы қалған ыдысқа аздаған сірке суын құйсаңыз, салатқа қосатын тамаша қоспа шығады.

21. Ананасты басын төмен қаратып сақтаған жағдайда ол ертерек піседі. Бастысы, жапырақтарын жұлуды ұмытпаған жөн.

22. «Винегрет» салатына 1 ас қасық қайнаған сүт пен бір шымшым қант қоссаңыз, дәмді болады.

23. Ет сорпасына жуылған банан қабығын қосқан жағдайда ет жұмсақ піседі.

 24. Сірке суы мен тұздың орнына лимон шырынын жиі қолдануға болады. Цитрус дәмі кез келген тағамға ерекше дәм береді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста