Сұрақ-Жауап. Кеңес

Полиция жүргізуші куәлігін талап етсе, не істеу керек?

  • Полиция жүргізуші куәлігін талап етсе, не істеу керек?

    Полиция жүргізуші куәлігін талап етсе, не істеу керек?

Соңғы 3 жылда 110 мыңға жуық жүргізуші әкімшілік-қылмыстық талаптарға қатысты жүргізуші құқығынан айырылған.
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ІІМ брифингінде полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігін талап етіп, оның жоғына қатысты айыппұл төлеуге міндеттесе, не істеу керек екенін айтты.

"Мұндай жағдайда 102 нөміріне немесе өзіндік қауіпсіздік бөліміне хабарласа аласыздар. Бірақ, әрбір полицияға жаңа заңның тәртіптері түсіндірілді. Бұл бойынша мәселе туындамайды", &ndash деді ол.
2019 жылдан бастап құжатты ұмытып кетуіне қатысты алдын ала шаралар жүзеге асырылып келеді. 2019 жылы 162,6 мың жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 148 мыңына ескерту жасалып, айыппұл салынбаған.

Серік Түсіповтың айтуынша, әзірге құжаттың цифрлық үлгісін көрсетуге болмайды. Сондықтан адам жеке куәлікті өзімен бірге алып жүруі тиіс.

"Қазіргі кезде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі цифрлық құжаттар қызметін дамытып жатыр. Алайда жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңнамаға сәйкес, әзірше бұл құжаттарға материалдық нысандар ғана жатады. Ал жеке куәліктің фотосын көрсете салуға болмайды. Себебі, мәселе фотода емес, полиция жүргізушінің жеке басын анықтауы тиіс", &ndash деді Серік Түсіпов.
Оның ойынша, цифрлық технологиялар дамыған сайын цифрлық құжаттардың құқықтық мәртебесі де өзгереді. Сондықтан болашақта көлік жүргізушілер цифрлық құжаттарды қолдануы әбден мүмкін.
Серік Түсіповтің айтуынша, көлік жүргізушісі полицияға жеке куәлігін көрсетпесе, ескерту жасалады. Ал осы тәртіп бұзушылық қайталанса, айыппұл салынады.

"Негізі, адам өз құжатын алғаш рет үйде қалдырып кетсе, ондай жағдайлардың 95 пайызы ескерту берумен аяқталады. Ал он күннің ішінде осы тәртіп бұзушылық қайталанса, 5 айлық есептік көрсеткіш (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салынады", &ndash деді ол.

Кейбір жағдайларда адамда өзінің құжаты болмайды. Сондықтан да көліктің өзіне тиесілі екенін дәлелдей алмай жатады. Ондайда көлік құралы айыппұл тұрағына қойылады.
Айта кетейік, 13 ақпаннан бастап көлік иелеріне жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Полицейлер жүргізуші куәлігін, көлікті тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты планшет арқылы тексереді. Ал интернеті жоқ елді мекендерде және тас жолдарда радиобайланыс арналары арқылы тексеріледі.

Заңның жаңа нормасы тек Қазақстан азаматтарына қатысты.  Шетелдік нөмір таққан көліктер мен жүргізуші куәлігін шетелде алған жүргізушілер өзімен бірге барлық құжатты алып жүруі тиіс.




Көрілген: 3584    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 13:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30