Психолог интернет тәуелділіктен құтылу жолын айтты
Әлеуметтік желілерде уақыт өткізуге деген тәуелділіктен құтылу үшін, ең алдымен мұндай тәуелділіктің барын мойындау керек, дейді клиникалық психолог Михаил Хорс. 
Маманның бұл кеңесі RT сайтында жарияланды.
Психологтың айтуынша, келесі қадам &ndash әрі қарай мінез-құлықтың дұрыс позициясын таңдау.
Яғни, «интернетті бір шарлап шығайын» позициясынан «мен қаламаймын &ndash спортпен, жұмыспен, қарым-қатынаспен, өзімді дамытумен айналысқым келеді, бірақ менің тәуелділігім мені сол жаққа тартады» позициясына өту керек. Адам мұндай ұстанымды қабылдаған кезде, оның мақсаттарына, қалауына қайшы келетін қажеттілікпен күресу оңайырақ болады, &ndash дейді Хорс.
Маман бір парақ қағаз алып, оны екіге бөліп, бір жағына адамның не қалайтынын, екінші жағына не қаламайтынын жазуға кеңес берді.
«Мен қаламайтын нәрсе» &ndash бұл әлеуметтік желілерде отырудан келетін барлық зиянды әрекет. Егер сол жақ бағанда «уақытты жоғалту» деп жазылса, оң жақ бағанда &ndash «спортқа уақыт, өзін дамытуға, оқуға, жұмысқа, қарым-қатынасқа арналған уақыт» деп жазылуы керек, - деп түсіндірді психолог.
 
Жазбаның сол жақ бағанын жыртып тастау керек те, мақсаттары мен тілектері жазылған оң жақ бағанды үнемі назарда ұстау қажет. 
Бұл әлеуметтік желілерде шексіз отыру - негізгі мақсаттардан алыстататынын түсінуге көмектеседі,-  деп қорытындылады Хорс.