Сұрақ-Жауап. Кеңес

Психолог Жаңа жылға дейін қандай істерді жүзеге асыру керектігін айтты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Психолог, психотерапевт Айна Громова Жаңа жылға дейін барлық адам жүзеге асыру керек істердің тізімін жасады, деп хабарлады life.ru.

 

Айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін ескі және қажет емес заттарды сұрыптап, олардан арылған жөн.

 

Сондай-ақ көптен бері көрмеген жақын жандармен кездесіп, өзіңізге қымбат адамдармен татуласып үлгеру маңызды.

 

«Біріншіден, қажет емес заттардан арылуға кеңес берер едім. Мүмкін біреуге сыйларсыз, қайырымдылыққа берерсіз, тіпті сатып жіберуге болады. Яғни, қандай да бір кеңістікті сезіну үшін артық заттардан арылу қажет», - деді.

 

Ренжісіп қалған жақындарыңыз болса, татуласып үлгеріңіз. Себебі жаңа жылға жағымсыз әрі ауыр сезімдермен кіруге болмайды.

 

Сонымен қатар үнемі кейінге қалдырып жүрген, өзіңіз үшін әдеттен тыс істі жасау маңызды.

 

Сарапшының пікірінше, ондай жаңа іс-әрекет адамға жақсы әсер етеді. Одан бөлек, қайырымды іс жасау да маңызды.

 

Сондай-ақ психолог адамның өзі дайын болмайынша, жаңа өмір басталмайтынын айтып өтті.

 

 

24.kz




Көрілген: 3148    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.12.2020, 13:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31