Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ресей хоккейшілері легионерлермен ойнауды доғарды

26 қаңтар 2011, 10:14

Құрлықтық хоккей лигасының «Жұлдыздар матчында» Ресей хоккейшілері (құрамасы десек те болар) осы лигадағы легионерлермен ойнаушы еді. Биыл бәрі аралас. Бұл қалай?
Жасұлан Н.,
Атырау қаласы
Дұрыс айтасыз, Құрлықтық хоккей лигасы құ­рыл­ғалы жыл сайын ұйымдастырылатын «Жұл­дыздар матчында» Ресей хоккейшілері (яғни «Яшин­нің командасы») легионерлер құрамасымен («Ягрдің командасымен») ойнайтын. Екі жыл солай болған. Ал биыл «Жұлдыздар матчы» екі конференция арасында өтпек. Яғни «Шығыс» және «Батыс» конференцияларының үздік хоккей­ші­лері арасында ұйымдастырылмақ.
Ал екі жылғы «Жұлдыздар матчының» нәти­жесіне тоқталар болсақ, екеуінде де ҚХЛ легио­нер­лері басым түскен болатын.
2009 жыл:
«Ягрдің командасы» – «Яшиннің командасы» – 7:6.
2010 жыл:
«Ягрдің командасы» – «Яшиннің командасы» – 11:8.