Рим папасы некені сақтап қалуға көмектесетін үш сөзді атады

28 желтоқсан 2021, 10:00

Рим папасы Франциск некедегі жұптарға үндеу жасап, оны сақтап қалуға мүмкіндік беретін үш сөзді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Metro басылымына сілтеме жасап.

 

Рим Папасы Жаңа жыл қарсаңындағы хатын жариялады, онда ол ерлі-зайыптыларға жүгінді. Оның пікірінше, COVID-19 дағдарысы отбасыларды уақытты көбірек бірге өткізуге мәжбүр етті, бұл жанұядағы жанжалдың шиеленісуіне әкеп соқты. Рим-Католик шіркеуінің басшысы ерлі-зайыптыларды бір-біріне зор шыдамдылықпен қарауға шақырды және қарым-қатынасты сақтауға көмектесетін үш негізгі сөзді атады: рақмет, өтінемін және кешір.

 

Айта кетейік, биыл тамызда Қазақстанда некеге тұру жиілеп, ажырасу азайғанын хабарлаған едік.