Сәбиге массаж жасаудағы басты қателіктер қандай

Сәбиге массаж жасаудағы басты қателіктер қандай

Бүгінде бір жасқа дейінгі сәбилердің басым көпшілігіне дәрігерлер массаж алуды тапсырады. Әсіресе, алып қалада туған нәрестелерге шаһардағы экологиялық жағдайлардың әсер ететіні рас. Дегенмен, массаждың қауіпті жақтары да жоқ емес. Кәсіби балалар массажшысы Виктория Чаусова KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, сәбилер арасында кеңінен тараған ауытқушылықтар мен массаждың ең басты пайдасы туралы айтып берді.

 

Виктория 2015 жылдан бері Алматы қаласындағы балаларды оңалту орталығында жұмыс істейді. Ол медициналық институтты мейірбикелік іс мамандығы бойынша тәмамдап, кейін кәсіби массажшы курстарын аяқтаған. Қаладағы танымал мамандардың бірі саналатын ол сәбилер арасында массажды қажет ететін ауытқушылықтардың көбейгеніне алаңдайды.

 

"Бүгінде бір жасқа дейінгі балалар арасында бұлшықет гипертонусы, гипотонус, мойынның қисық бітуі, дисплазия, жамбас сүйектерінің қисық бітуі, бассүйек ішіндегі қысым, гипоксия сынды сырқаттар кездеседі. Бұлардың барлығы массажды қажет етеді. Егер балаңыз бір жасқа толғанша дереу дертті анықтап, дәрігер нұсқауымен массаж алатын болсаңыз, онда сәбидің денсаулығы түзеліп кетеді.

 

Сондықтан, жоғарыда аталған сырқат түрлерін естіген бойда, жақсы массажшы табуға тырысыңыздар. Дегенмен, менің алдыма бұдан да ауыр дертке ұшыраған балалар да жиі келеді. Яғни, сал ауруына, Даун синдромына ұшыраған балалар мен ақыл-есінің дамуында ауытқушылықтар бар сәбилерге де біздің көмегіміз ауадай қажет. Сондай-ақ, соңғы кездері табанның сыртқа немесе ішке қайырылуы, маймақтық, майтабан да өкінішке қарай, өте көп", - дейді Виктория.
Виктория Чаусова сәбиге массаж жасар алдында аналардың өте сақ болғанын және мейілінше жақсы маман тапқанын қалайды.

 

"Сәбилер үшін массаж өте қажет деп есептеймін. Әсіресе, бала бір жасқа толғанша орнымен массаж жасасаңыз, бұл бала денсаулығына үлкен көмек. Массаж сәбидің ағзасын нығайтып, түрлі аурулардан соң оңалтуға әсер етеді, сондай-ақ, жағымды әсер қалдырады.

 

Баланың физикалық және психоэмоционалдық дамуына да массаждың тигізер пайдасы мол. Өйткені, массаж кезінде орталы нерв жүйесі іске қосылады. Сонымен қатар, массаж қозғалыстары тері арқылы жүйке рецепторларына әсер етеді.
Нәтижесінде, баланың тонусы азайып, азғасы жақсара түседі. Дегенмен, үй жағдайында массаж жасағанда өте сақ болу қажет. Әрбір қозғалысқа абай болыңыз. Бір жасқа дейін кәсіби мамандарға сенім артқан дұрыс. Ал егер оған мүмкіндік болмаса, өзіңіз үйден жасаңыз. Баланың ішіне массаж жасағанда бауыр тұсына ауыртпалық түсірмеу қажет. Жүрек тұсын соққылауға болмайды, сондай-ақ, арқасын қолмен күш түсірмей ұрғылаған кезде бауыр тұсын айналып өтіңіз.

 

Буындарға массаж жасауға болмайды, тек гимнастика жасаймыз. Тақым шұңқырына да тиіспейміз. Ең бастысы – массаждың да сәбиге жақпайтын кездері болатынын ұмытпаймыз", - дейді ол.

 

Сондай-ақ, Виктория жас аналардың ең көп жіберетін қателігіне де тоқталды.

 

"Егер дәрігер массаж тағайындаса, оны міндетті түрде жасау керек. Аналардың басым бөлігі массажға атүсті қарайды. Егер массажшыға ақшаңыз болмаса, өзіңіз үйден жасаңыз. Бұл аса қажет. Дисплазияны одан әрі өршітіп алсаңыз, балаңыз өмір бойы жапа шегеді. Соны ұмытпаңыз. Алғаш рет ана атанғандар баланың басын оң мен солға ауыстырып отыруға көп мән бермейді. Баланың басын үнемі оң мен солға алма-кезек ауыстырыңыз", - дейді ол.

 

Виктория Чаусова бір жасқа дейінгі балаларға массаж артық болмайтынын айтады.

 

"Балаларға массаж алу арқылы сіз оның дұрыс дамуына мүмкіндік бересіз. Массаж моториканы дамытып, бұлшықетті қатайтып, жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді. Үйден жеңіл гимнастика жасау әр ананың міндеті. Айтпақшы, бала үш айға толған соң оны жерге жатқызып қойған дұрыс. Ол жерде көбірек жатса, тезірек еңбектеп, жетіледі", - дейді ол. 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста