Сақ болыңыздар! ТЖҚ алматылықтарға ескерту жасады

27 желтоқсан 2021, 12:16

Алматыда көктайғақ болады. ТЖД-ті көлік иелері мен жаяу жүргіншілерге көшеде абай болуға шақырады.

 

Қазгидрометтің болжамы бойынша аралас жауын-шашын түстен кейін тоқтайды. Ауа температурасы бүгін күндіз 0, -2 градус, күннің екінші жартысында одан әрі төмендейді. ТЖД осыған орай Алматы қаласының ТЖД автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ жағдайында жолдарда өте сақ және мұқият жүруді өтінеді.

 

Жаяу жүргіншілерге арналған ұсыныстар:

 

- есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуі күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;

 

- көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда  өту керек;

 

- абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.  алаңдамаңыз;

 

- әрқашан алдыңызда аяқтың астына қараңыз;

 

- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;

 

- қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;

 

– есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жерлер болып табылады.

 

 

 

BAQ.KZ