Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Салық төлеушi нөмiрi қашан тоқтатылады?

25 сәуір 2011, 14:17

Салық төлеушi нөмiрiн (СТС) Бизнес идентификациялық нөмiрiне (БИН) немесе Жеке идентификациялық нөмiрiне (ЖИН) ауыстырғанда, СТС-тi пайдалану  қай уақыттан бастап тоқтатылады? БИН мен ЖИН-ге тiркелу қалайша жүзеге асырылады?
Жәмилә МҰСАБАЕВА,
жеке кәсiпкер
Қазақстан Республикасының «Идентификациялық нөмiрлердiң ұлттық реестрлерi туралы» Заңына сәйкес, осы заң күшiне енген уақыттан бастап үш жыл алты ай өткенннен кейiн, дәлiрек айтқанда, 2010 жылдың 13 тамызына дейiн СТС пайдаланылады. Одан кейiн Қазақстан Республикасы территориясында тек идентификациялық нөмiрлер: заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкрелер үшiн – БИН, жеке тұлғалар үшiн ЖИН пайдаланылады. Аталған нөмiрлердi алу тәртiбi ҚР Үкiметiнiң 2007 жылғы 22 мамырдағы №406 қаулысымен бекiтiлген. Ол бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсiпкерлер идентификациялық нөмiрлердi тiркеу органдарынан (Халыққа қызмет көрсету орталықтарына – ЦОН) алуға тиiс.