Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Самарқаулықтан қалай құтылуға болады?

07 маусым 2011, 11:33

Бей-жай, самарқау өмірден жалықтым. Спортпен айналысайын десем, буын-буыным ауырады. Қаттырақ қимылдасам, жүрегім қағып, тез шаршап қаламын. Не істесем болады?
Ағайша БЕРДІБЕКОВА,
Жезқазған қаласы
Мұндай жағдайда аквааэробикаға жетері жоқ. Қарапайым аэробикадан судағы жаттығулар организмге түсетін салмақтың аздығымен ерек­шеленеді. Мысалы, спортзалдағы дене жатты­ғулары кезінде бұлшық еттеріңіз бен ішкі орган­да­рыңызға тартылыс күші әсер етеді. Ал суда жаттыққан мезгілде дене мүшелеріне түсетін салмақ әлдеқайда төмен болады. Оның үстіне судың өзі күрделі дене қозғалыстарын жасауды жеңілдетеді. Тіпті буын-буыны қозғалысқа әрең келетін адамдардың өзінің бассейнде икемділігі, оралымдылығы артады.
Судағы дене жаттығулары қан айналымын арттырып, жүйке жүйесін нығайтады, шынықты­рады. Екінші жағынан, су бұлшық еттердің жұмы­сын жақсартып, дене қимылының ширақтығын арттырады. Демек, самарқаулықтан құтылып, сергуге, серпілуге бет бұрасыз деген сөз.