Сұрақ-Жауап. Кеңес

Сарапшы бөтен нөмірге қайта хабарласудың қаупін айтты

  • Сарапшы бөтен нөмірге қайта хабарласудың қаупін айтты

    Сарапшы бөтен нөмірге қайта хабарласудың қаупін айтты

Өзіңізге таныс емес нөмірлерге, тіпті ол сіздің өз нөміріңіз болса да ол нөмірлерге қайта хабарласудың қажеті жоқ. Бұл алаяқтар қолданатын әдістердің бірі. Мұны "Прайм" агенттігіне цифрлық сараптама орталығының жобалар жөніндегі менеджері Сергей Бодров айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

"Жалпы алаяқтар кез келген нөмірлерді қолдануы мүмкін - жедел қызмет нөмірлерінен бастап банктің қолдау қызметіне немесе басқа арнайы нөмірлерге дейін.

Ол нөмірді сосын ауыстыру үшін олар IP-телефонияның арнайы қызмет түрін қолданып, браузердегі сервис арқылы қоңырау шалып, нөмірді ауыстыра алады", - дейді сарапшы.

Осыған байланысты маман ақшаны жымқыруға тырысатын алаяқтардан сақтану үшін бірнеше ережені ескеру керегін айтады. 

Ең бастысы және маңыздысы, сарапшының айтуынша, бөтен нөмірлерге ешқашан қайта қоңырау шалмау керек, тіпті ол сіздің нөміріңіз болып шықса да. Екіншіден, жасырын нөмірден хабарласатындарды анықтау үшін нөмірді анықтай алатын арнайы бір бағдарламаны орнату керек. Бұл сізге алаяқ немесе телемаркетолог хабарласып тұрғанын көруге мүмкіндік береді.

"Сізден телефон арқылы банк картаңызға қатысты мәліметтерді сұраса, телефонды қойып, банкке қоңырау шалыңыз", - деп кеңес берді Сергей Бодров.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 1158    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.10.2020, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31