Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сарықұрлық пен қарақұрлық үздіктерін анықтайды

22 қараша 2012, 11:02

Әдетте Еуропаның үздік футболшысы кім болады екен деп тағат таппайтын жанкүйерлер қауымы Азия мен Африка құрлығының да өз үздіктерін анықтайтындығын ұмытып кетеміз. Биыл өзге құрлықтардың үздігі болуға кімдер үмітті?
Жалғас Сыдықов,
Орал қаласы
Иә, Азия футбол конфедерациясы екі номинация бойынша үздік футболшы атануға лайық ойыншыларының есімдерін жария еткен. Біріншісі – сарықұрлық клубта­рында ойнай­тын үздік ойыншы аталымы. Екіншісі – шетелдік ко­ман­далардың намы­сын қорғайтын Азияның үздік ойыншысы аталымы. «Манчестер Юнайтед» қатарына биыл қосылған жапон жігіті Синдзи Кагава, оның «Миланда» доп тебетін жерлесі Юто Нагатомо және «Фул­хэм» клубының қақпашысы, австралиялық Марк Шварцер шетелдік клубтарда ойнай­тын азиялық футболшы номинациясының бас жүлдесін жеңіп алуға негізгі үміткерлер болып отыр. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл Васл» командасында ойнайтын австра­лиялық Лукас Нил, ирандық Әли Кәрім мен  Мохсен Бенгар, қытайлық Чжи Чжэн және кореялық Ли Кьюн Хоның құрлық үздігі атануға мүмкіндігі бар. Азияның үздік футболшы­сын анықтау рәсімі 29 қараша күні Куала-Лумпра қаласында өтеді.
Былтыр Яя Туренің мықтылығын мо­йын­­даған Африка футбол конфедера­циясы да қарақұрлықтың майталманын анықтай­тын уақытты белгіледі. Төмендегі  10 футбол­шының біреуі  20 желтоқсан күні Африканың үздік футболшысы атанады:
Александр Сонг (Камерун), Андре Айю (Гана), Кристофер Катонго (Замбия), Демба Ба (Сенегал), Дидье Дрогба (Кот-д`Ивуар), Жервиньо (Кот-д`Ивуар), Джон Оби Микел (Нигерия), Пьер-Эмерик Обамеянг (Габон), Яя Туре (Кот-д`Ивуар), Юнес Бельханда (Марокко).