Сұрақ-Жауап. Кеңес

Саумал 10-15 минуттың ішінде ішілмесе, адамға зиян болуы мүмкін

  • Саумал 10-15 минуттың ішінде ішілмесе, адамға зиян болуы мүмкін

    Саумал 10-15 минуттың ішінде ішілмесе, адамға зиян болуы мүмкін

Саумалға сұраныс артқаны соншалықты жаңа сауылған бие сүтін ішу үшін алматылықтар түнгі бірден бастап кезекте тұрады. Соның өзінде жетпей қалып жатады екен.

 

Иммунитетті көтеруде пайдасы зор деген олар қала маңындағы бие ұстайтын шаруа қожалықтары адамға толы. Оның арасында өзге ұлт өкілдері де бар.

 

– Түнгі бірден бастап келеді. Таңертеңгі алтыдан бастап келгендер 11-де саумалды әрең ішеді. Кезегімізді 5-6 сағаттап күтеміз, кезектегілердің бірі.

 

Жайылымда жүрген жылқы таңғы жетіден бастап, әрбір екі сағат сайын кешкі жетіге дейін сауылады. Өткен жылы саумалдың литрі 500-600 теңге болса, бүгінде 1000 теңге шықты.

 

– Саумалға екінің бірінің қолы жете бермейді. Оны белгілі бір қалыпта ұстап тұру да қиын. Бие сауғаннан кейін 10-15 минуттың ішінде ішілмесе, сүт өзгеріске ұшырайды. Ол сізге ем болмайды. 15-20 минуттан кейінгі сүт қышқылы көтерілуіне байланысты саумал асқазанға ауыр болуы да мүмкін. Оның құрамындағы витаминдердің өзгеруіне байланысты асқазандағы қышқыл көтеріледі де, адамның іші жүруі немесе құсуы мүмкін. Пандемия кезінде көптеген дәрінің баламасына айналған ұлттық сусынның қадірін халық енді түсінді. Сондықтан көпшілік табиғи таза өнімдердің қолжетімді болғанын қалайды, – дейді Қазақ-неміс қымыз ғылыми-зерттеу институтының директоры Айтуған Мұқашев.

 

aikyn.kz




Көрілген: 3013    Пікірлер: 0

сенбі, 11.07.2020, 00:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30